8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2020 3246 0
Жалын

ОРАЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

«Жайдарман» әзілкештері Орал қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды. Республикалық ойынның телевизиялық түсірілімі жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасы арқылы жүзеге асты. Қала күні қарсаңында оздырылған додаға Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарынан және жергілікті жайдарманшылардан құралған 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

Қоғамда көрініс тапқан оқиғалар мен түйткілді мәселелерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізуге тырысқан командалар   жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.
Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынға оралдық «Талант» құрамасы лайық деп танылды. Екінші орын Қостанай облысынан келген жоғары лига ойыншылары Рудный құрамасына бұйырды.

Ал киелі Түркістан қаласынан келген «Түркістан құрамасы» Орал қаласының әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман фестивалінің жеңімпазы атанды.

Ақтөбеден келген «ЖемСағыз» жайдарман тобының мүшесі Нұрдәуір Нұрланұлы аталмыш ойынның «Үздік ойыншысы» атанды.

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен фестивальге қатысқан барлық топтар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
121 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
301 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»