8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2020 1347 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ЖЕТІ ЖЫЛҒА ЖЕКЕ МЕНШІККЕ БАСҚАРУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында тікелей эфирде өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жаңа оқу жылындағы білім ұяларындағы ерекшеліктермен бөлісті. 

Кеңес барысында қала әкімі биыл қаладағы мектептердің асханалары 7 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке меншік басқаруына берілетінін айтты.

– Бұл мектептердегі тамақтандыру сапасын арттыру оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында асхананы заманға сәйкестендіруге, яғни цифрлық жүйені енгізуге, асхананың жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік алып отырмыз. Сондай-ақ мектеп басшылығы да жыл сайынғы мемлекеттік сату жұмыстары ұйымдастыру-шаруашылық секілді қосымша жүктемеден босап, білім беру мен шығармашылық жұмыстарымен белсенді айналысатын болады, – деді Абат Абайұлы.

Әрине, қазіргі санитарлық талаптарға байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында мектеп асханалары жұмыс жасамайды. Бірақ, кәсіпкерлер қазіргі уақытта асханаларда жөндеу жүрігізіп, жаңа оқу жылына дайын отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
95 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»