8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2020 1528 0
Жалын

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Сүйінші хабарды БҚО білім басқармасы хабарлады.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай,  ХХІ республикалық «Абай оқулыры» байқауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 23-25 тамыз күндері онлайн өткен. Оған өңірімізден облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары қатысып, үшеуі де арнайы номинацияларды иеленді. 

Атап айтқанда, Абай оқуларының «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бөлімінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу бойынша Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №7 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Асхат Айсиев «Жас зерттеуші» номинациясы дипломымен марапатталды.

«Көңілім әнді ұғады» – Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау бөлімінде «Үздік орындаушы» номинациясына Орал қаласы, №39 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Аружан Бисембай ие болды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінде оқушылар өз шығармаларын орындады. Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ 11 сынып оқушысы Дидарқызы Дильназ «Жас ақын» номинациясының иегері атанды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
98 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
56 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»