ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ
Жол құрылысының сапасын бақылауда ұстау мақсатында Орал қаласы әкімдігі «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК өңірлік филиалымен келісім жасаған. Келісімшартқа сәйкес «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы қала ішіндегі жүргізіліп жатқан жол құрылысы нысандарында лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жол инженерлерінің сөзінше, тексерілген сараптама қаладағы жол құрылыстары бойынша ақаулықтардың көп екенін көрсеткен. Мәселен, Матросов көшесіндегі салынып жатқан жолға пайдаланылған құрылыс материалдарында кемшілік анықталған еді. Бүгінде мердігер компания кемшілікті түзеп, олқылықтың орнын толтырыпты. Құрылыс аяқталуға тәмам.

А.Матросов көшесіне жол салуды «Иском» ЖШС жауапкершілігіне алған. Салынуы тиіс жолдың жалпы ұзындығы – 2500 метр. Сондай-ақ жобада ағынсулар үшін арық, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу да көзделген. Мердігер компания құрылысқа қолданған тротуардың жиектасы да, төселген қиыршықтастың да тығыздығы өте төмен екені белгілі болды. Жолдың алғашқы қабаты – құмды-қиыршықтасты қоспаны (ПГС) төсеген. Алайда, қиыршықтасы аз болғандықтан, бұл қоспа сапаға сай болмай шықты. Бұл олқылықты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы қала ішіндегі жүргізіліп жатқан жол құрылысы нысандарында лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтады. Сол себепті мердігерлер бұл төсемді алып тастады. Бүгінде құрылыс барысында кеткен кемшіліктер түгелдей қалыпқа келген. Бұл туралы мердігер мекеме басшысы Рафик Мамедов мәлімдеді.
– Жол құрылысына қажетті материалдар жергілікті жерде өндірілмейтіндіктен, біз сатып алынған өнімдер сапасына жауап бере алмаймыз. Алайда, кеткен кемшіліктер толықтай қайта қалыпқа келтірілді. Нысанды қазан айына дейін пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз,– дейді Р.Мамедов.
Аталған көшедегі жол құрылысы жұмысына 100-ден аса адам жұмыс жасауда. Олардың 70-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында келісімшарт бойынша қызметке тартылғандар. Бүгінде жол жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.
Оралда 55 көшенің жолы салынуда. Олардың 33-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл басталған, қалғаны өткен жылдан ағымдағы жылға жалғасқан жобалар. Оралдағы жөнделіп жатқан жұмыстардың барлығы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Яғни жұмыстардың сапалы атқарылуы ауа райына тікелей байланысты. Ал тротуарлар мен жол бойындағы белгілер межелі шаралар аяқталған соң қолға алынбақ.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу