8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2020 1429 0
Қоғам

ОРАЛДА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР КОНТЕЙНЕРЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

 Шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыс алаңдарына еуроконтейнерлер орнатылуда. Бұл туралы «Орал таза сервис» мекемесінің директоры Рафхат Данағұлов мәлім етті.


– Бір апта бұрын 200 контейнер алынды. 1х1 текшеметрлік 1100 литрлік пластикалық контейнерлер ескірген қоқыс контейнерлерінің орнын алмастыруда. Бүгінде 8 қоқыс алаңы бойынша 43 контейнер ауыстырылды. Алдағы он күннің ішінде қалған 150 контейнер қойылады, – дейді «Орал таза сервис» мекемесінің директоры Рафхат Мырзахметұлы.
Бұған дейін Елизаров-Фрунзе көшелерінің қиылысында сол аумақтағы тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды шығаруы үшін қойылған қоқыс алаңына іргедегі базарда сауда жасайтындар мен кәсіпкерлік нысандары келісімшартқа отырмастан қоқыс тасып жүргенін жазған едік. Аталған мекенжайға осыдан екі апта бұрын барған қала басшысы Абат Шыныбеков жағдайды реттеп, заңсыз қоқыс тасымалдаушыларды анықтап, жауапқа тартуды тапсырған еді. Бүгінге дейін учаскелік инспекторлар жеті азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Олардың алтауына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының бірінші бөліміне сәйкес, 5 АЕК көлемінде, ал бір мәрте жауапқа тартылған соң, қайталап қоқыс тастаған азаматқа аталған баптың екінші бөлімі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»