8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Тамыз 2020 2373 0
Қоғам

ҚЫС ҚАМЫНА КІРІСТІ

          Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Батыс су арнасы» ЖШС-нда болып, мекеменің қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Шаһар басшысы облыс орталығындағы тірш  ілік көзін қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» мекемесінің шаһарды сумен қамту, кәріз жүйелерін жөндеу, апаттық жағдайларды болдырмау мақсатындағы жұмыстарын зерделеп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. 

–  Бүгінде қалада көптеген су және кәріз желілері жөнделуде. Жаз бойы шаһарда ауыз су мәселесі өзекті болғаны белгілі. Оның обьективті және субъективті себептері бар. «Батыс су арнасы» мекемесі тиісті қалалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып, тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде бірқатар жоспарларды жүзеге асырды. Әрине, тұрғындар тарапынан ауыз суға байланысты көптеген реніштер, сын-ескертпелер болғаны рас. Бірақ бұл олқылықтар бүгінгі таңда қаланың сумен, кәріз желісімен қамтамасыз етуде өзекті мәселе бар екенін нақты көрсетті. Осы мәселені шешуге жұмыстанудамыз. Негізгі су көздері – Жайық өзені және жер асты су қорлары. Осы мақсатта «Батыс су арнасы» мекемесінің қысқы маусымға дайындығын тыңдауға келдік, – деді кездесуде сөз алған қала басшысы Абат Абайұлы.

«Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Қайырғали Имашевтың айтуынша, күні бүгінде кәсіпорын 50 балабақша, 106 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 1200 көпқабатты, 30 605 жеке тұрғын үй құрылысын, 3590 өзге де нысандарды сумен қамтамасыз етіп отыр. 2020-2021 жылғы жылыту маусымына мемлекет қазынасынан 250 млн. теңге бағытталған.   Күзгі-қысқы маусымға дайындық кезеңінде су құбырларын жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының 68 пайызы игеріліпті. Өткен жылы су құбырлары желісінде 305 апатты жағдай анықталса, биыл 125 апат орын алған. Мекеменің кредиторлық берешектері – 320 млн. теңгені құраса, дебиторлық берешек – 384 млн. теңгеге жеткен.

Ал бас директордың өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары Арман Кенжебаевтың мәлімдеуінше, қазір қаладағы су коллекторлары толықтай жөнделуде. Осы орайда ірі үш жоба қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Алғашқысы «КМС 19А»  – 2018 жылы жасақталған жоба. Жалпы ұзындығы – 15690 метрді құрайды. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны  – 3 133 503 мың теңге.  Кәріз коллекторының диаметрі 800 мм. Осы жылға бөлінген қаржы көлемі – 861 865 мың теңге

.

– 2019 жылы қыркүйек айында қалада үлкен апатты жағдай орын алып, қаланың 130 мың халқы тұратын бөлігі ауыз сусыз қалып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы мақсатта резервтен 530 млн. теңге қаржы бөлінді. «КМС 19А» коллекторының 2600 метр ұзындығына төтенше жағдай резервінен қаржы қарастырылып, қалпына келтірілген болатын. Коллектордың апатты аумағы жөнделіп, осы күнге дейін апат орын алмады. Қазіргі уақытта жұмыстар жүруде. Бас мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Күні бүгінде 15690 метрдің 3500 метр құбыры орнатылды,  – дейді Арман Тұралыұлы.

Ал екінші нысан – «Орал қаласындағы айналма қысымды коллекторды қайта құрылымдау. ІІІ іске қосу кешені» жобасы. Бұл жоба бойынша өткен жылы «УралВодПроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттама дайындаған. Жалпы ұзындығы – 5431 метрді құрайды. «АстанаИнжКомСтрой» ЖШС осы жылдың 28 ақпанында жобаны өз жауапкершілігіне алған. Қазіргі таңда Шолохов көшесінің бойында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Келісімшарт бойынша жоба құны – 1 млрд. 115 млн теңгені құрайды. Мердігерлік ұйым қажетті материалдарды толықтай сатып алған. Сонымен қатар Московская көшесі аумағында диаметрі Д-450 мм. болатын қысымды 2050 метр құбыр төселсе, Шолохов көшесіне диаметрі Д-1000 мм. өздігінен ағатын 1385 метрлік құбыр орнатылған.  Үшінші нысан – Зашаған кентіндегі «КМС-29» жобасы. Коллектор диаметрі – 500 мм. Құрылыс жұмыстарын бес ай ішінде  сапалы әрі дереу жүргізген «ҚұрылысГаз» компаниясына көпшіліктің алғысы шексіз. Қазіргі таңда құжаттарды қабылдау жұмыстары ғана қалған.  Сондай-ақ жаз айында қаладағы Неусыпов көшесіндегі КМС-2  коллекторында үлкен апат орын алып, су айыру қаупі төнген болатын. Қала әкімдігі дереу төтенше жағдай комиссиясын ұйымдастырып, төтенше жағдай жариялаған еді. Тиісті жұмыстар жасалып, қазіргі таңда резервтен қаржы бөлінген.

–   Қысқы жылыту маусымына дайындық мәселесі жөнінде Орал қаласын ауыз сумен және кәріздік желілердің жұмысымен қамтамасыз етуші «Батыс су арнасы» мекемесінде барлық мердігерлердің, тиісті сала мамандарының қатысуымен қазіргі ахуалды зерттеп, зерделедік. Қалада шілде айында ауыз су мәселесі өзекті болды. Осыған орай қала әкімдігі тиісті қысқа және орта мерзімді іс-шаралар жоспарын жасақтап, нәтижесінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды.  Жайық өзенінен алатын суымыздың көлемін ұлғайтуға қол жеткіздік. Қысқа мерзім ішінде Трекин жер асты су көзінен алынатын суды  1000 текшеге көбейттік. Бұған дейін Зашаған, Деркөл ауылдарына су орталықтан берілсе, енді қосымша Камень су құбырын пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни кез келген уақытта Камень, Серебряков су көзінен қалаға қарасты аталмыш кенттердегі су құбырына су аламыз. Сәйкесінше, бұл екі шаруашылық «Батыс су арнасы» ЖШС мен Тасқала су құбыры арасындағы байланысты қамтиды. Тұрғындар тарапынан судың сапасына, уақытылы берілмейтініне біраз сын айтылды. Шілде айында мобильді топтар жұмыс істеді. Басты мақсат – су қысымы төмен аймақтардағы ахуалды бақылау, себептерін анықтау болды. Мәселені дер кезінде шешуге тырыстық. Ал судың сапасына қатысты түсі өзгеруі байқалды. Бұл су қысымының азаюына байланысты судың жиі айырылуынан болды.  Құбырлардағы қозғалысты қысымның өзгеруінен судың да түсі өзгергені рас, бірақ сапасы бақылауда болды. Қаланың орташа су тұтынудың шекті көлемі шілде айында тәулігіне 64 мың текшені құраса, қазір 45-46 мың текшеге төмендеген. Қазір қаланы сумен қамту қалыпты режимге көшті. Қысқы маусымға дейін «КМС 19А», Шолохов көшесіндегі айналма кәріздік желі жобаларын аяқтауымыз керек. Ал Зашаған кентіндегі «КМС-29» жобасын қаражатқа қарамастан «ҚұрылысГаз» компаниясы шілде айында толықтай сапалы аяқтап отыр. Саратов трассасы бойында бірнеше көпқабатты үй тұрғызылды. Зашағандағы «КМС-29» желісі жаңа шағынаудандағы тұрғын үйлердің кәріз желісін тұрақты қамтамасыз етуде өте маңызды жоба болды. Ал Неусыпов көшесіндегі су құбыры апатты жағдайда тұр. Жұмыстар жүруде. Жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі белгіленді. Соған сәйкес, «Батыс су арнасы» мекемесі мердігер компаниямен келісімшартқа отырып, қазір құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Қыркүйек айына дейін кәріз желісінің 462 метрін ауыстыруды қамтамасыз етуге тиіспіз. Қосымша осы жылы су айдау сорғы стансасын сатып алып, іске қосамыз. Сонда кәріздік желілердің орталықтан апатсыз шығуын жүзеге асырамыз. Жуырда Еуразия даңғылында орын алған апатты жағдай «Батыс су арнасы» мекемесінің күшімен жарты тәулік ішінде жағдай реттеліп, су құбыры іске қосылды. Бірақ бұл кәріз желілерін әбден тексеру керегін көрсетті. Мәселе бақылауда, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы журналистерге берген сұқбатында.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
115 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
165 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
409 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
891 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1268 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1161 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1627 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2244 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2409 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2416 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2466 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2471 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2076 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2951 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3004 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2998 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3611 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3580 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3571 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3546 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3707 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»