БҚО ӘКІМІ: «МАУСЫМ-ШІЛДЕ АЙЛАРЫНДА БОЛҒАН ҚИЫН ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК»
БҚО әкімі Ғали Есқалиев facebook-тегі парақшасына жазба қалдырып, облыс тұрғындарын сақтық шараларын ұмытпай, санитарлық талаптарды сақтауға, спортпен шұғылдануға шақырды.

«Құрметті батысқазақстандықтар, Бүгіннен бастап бірқатар карантиндік шектеулер алынып тасталады. Ірі сауда нысандары, кафелер мен мейрамханалар, қоғамдық көліктер және т.б. нысандар жұмыс істей бастады. Мыңдаған кәсіпкерлер жұмысын қайта бастайды. Алайда, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, дезинфекция жасау және т.б. санитарлық талаптар сақталады» деп жазды облыс басшысы өз парақшасында.
Сондай-ақ бір ай бойы өңірдегі дәрігерлерге көмек көрсекен ресейлік мамандарға алғысын жеткізді және вирусқа байланысты эпидемиологардың пікірін де халықтың қаперіне салды.
«Жақында жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрігерлерімізге бір ай бойы көмектескен ресейлік мамандар өз елдеріне аттанды. Мен оларға көрсеткен көмегі мен жоғары кәсібиліктері үшін ризашылығымды білдіремін. Мен мұны тату көршілік қатынастың айқын көрінісі деп түсінемін. Ресейлік және біздің эпидемиологтардың жалпы пікірінше, коронавирус немесе басқа да жаңа вирустар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қала береді деген болжам айтуда. Карантиндік шаралар аурудың көбеюін тоқтатуға көмектесті. Бұл айқын факт. Енді бәріміз осы тұрақтылықты сақтап тұру қажетпіз. Алайда, алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Жылдың белгілі уақыттарында жұқпалы аурулардың саны күрт артып, келесі аурудың басталуына дейін төмендейтіні белгілі. Қоздырғыштардың тіршілігі мен белсенділігі, сондай-ақ адамның иммундық жүйесі табиғи факторларға – ауа температурасына, ылғалдылыққа, күн радиациясының қарқынына тікелей байланысты» деп жазды Ғали Нәжімеденұлы. Осы ретте жерлестерін санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.
«Құрметті жерлестер! Мына қауіпті індеттен көпшілігіміз жақын адамдарымыздан айырылдық. Көбісі бұл аурудан әрең дегенде айығып шықты. Енді біз маусым-шілде айларында болған қиын жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Біз, ең бастысы, инфекцияны адамдар көп шоғырланатын жерлерде жұқтыру әлдеқайда жоғары екенін түсінуіміз қажет. Сондықтан барлық сақтық шараларын ұмытпай, санитарлық талаптарды сақтауымыз, спортпен шұғылдануымыз керек. Дендеріңіз сау болсын, ағайын! Құрметпен, БҚО әкімі Ғали Есқалиев.» делінген өңір басшысының жазбасында.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу