ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАДА БІР АПТА ЫСТЫҚ СУ БОЛМАЙДЫ
Орал қаласында алдағы жылыту маусымын кедергісіз бастау үшін әзірлік жұмыстары өткен жылыту маусымы аяқталған кезде-ақ басталған болатын. Жылумен қамтушы «Жайық жылу қуат» АҚ жылу-электр орталығының жабдықтары мен қала ішіндегі 5,2 шақырымдық жылу желісін жөндеуді жоспарлаған. Бүгінгі күні жылу-электр орталығындағы жөндеу 62,5 пайызға, жылу желілерін жөндеу 50 пайызға орындалған. Бүгін, 12 тамыз күні кәсіпорынға арнайы барған қала әкімі Абат Шыныбеков қазандықтардың жөндеу жұмыстарын қадағалап, жөндеу жұмыстарының жылыту маусымы басталғанға дейін ыждағаттауды ескертті. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен мекеме-ұйымдардың да дайындалуын жеделдетуді тапсырды.

«Жайықжылуқуат» АҚ басшысы Қуат Мусин таныстырғандай, жылу-электр орталығындағы Ст.№10 КВГМ-100 қазан агрегатының бүйірлік құбырлары ауыстырылған. Су жылыту қазандығы жылыту маусымына 100 пайызға дайын. Ал Ст.№5 БКЗ75-39 ГМ жылу қазандығы агрегатының алғышеп экран құбырлары ауыстырылуда. Бұл қазандық бойынша жұмыстар 70 пайызға орындалған. Жылу желілері бойынша жалпы 5,212 шақырымдық желіні жаңарту көзделген болса, қазіргі уақытта 2,611 шақырымы бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. Кварталішілік желілер бойынша – Фрунзе көшесінде 170 метр, Құрманғазы көшесіндегі 93 метр, Орақбаев көшесінде 72 метр, 6-шы шағынауданда 130 метр, Ружейников көшесінде 78 метр, Ет комбинатында 31 метр жылу желілері ауыстырып салынған. Қазіргі уақытта Х.Доспанова көшесінде 145 метрлік жылу жүйесі, Есқалиев көшесінде 58 метрлік жылу жүйесі, Ықсанов көшесінде 43 метрлік жылу жүйесі жөнделуде. Кәсіпорынның теңгеріміндегі 22 қазандықта 57 қазан бар. Бүгінгі күнге 44-інің негізгі жабдықтары жөнделген. Нақты айтқанда, қазандықтардың дайындығы 77,2 пайыз.
– Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Жыл сайын жылу мерзімінің басталуының алдында жылу-электр орталығын тоқтатып, жасалатын профилактикалық жұмыстарымыз бар. Осы жұмыстарды 16 тамыздан бастап жүргізбекпіз. Сол себепті бір апта бойы жылу-электр орталығын тоқтатылады, қалада ыстық су болмайды, – деді Қуат Мусин.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Зашаған кентіндегі «Водстрой» қазандығы жаңартылады деп жоспарланған. Қайта құру жұмысын атқаратын «Жайық құрылыс» ЖШС-мен 546,303 млн. теңгеге келісім жасалған. Мердігер компания қазір демонтаждауды 80 пайызға орындады. Қазанды алуға тапсырыс берген. Ол қыркүйек айының аяғында жеткізілмек. Одан соң монтаждық жұмыстарды жүргізуге уақыт керек. Шаһар басшысы Абат Абайұлы қазандықты жаңарту жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтауды тапсырып, осы қазандық арқылы жылумен қамтылатын 33 тұрғын үй (2147 абонент), 7 әлеуметтік-мәдени ғимарат пен 43 нысан 15 қазанда басқаларымен бірдей жылуға қосылуы тиіс екенін қатаң тапсырды.
Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің мәліметінше, шаһарымызда «Жайықжылуқуат» АҚ қызметін тұтынатын 1196 тұрғын үй бар. Олардың 827 тұрғын үйге ПИК-тер қызмет көрсетеді, 336 тұрғын үй – қызмет көрсетушісіз болса, 33-і – жеке үйлер. Қазіргі уақытта ПИК-тер қызмет көрсететін үйлердің 440-ында, қызмет көрсетушісіз үйлердің 14-інде сығымдау жүргізілген. Десек те ПИК қызметін қолданбайтын тұрын үйлердің ішінде тұрғындары жыл сайын жылыту маусымына дайындыққа немқұрайлы қарайтын, соның салдарынан дайындықты күн суытқанда бастап, жылыту жүйесіне әбден қыс түскенде қосылатын үйлер бар. Қала басшысы бұл мекенжайлардың тұрғындарымен алдағы аптадан бастап кездесулер ұйымдастырып, ақпараттық жұмыстарды жүргізуді, әзірлік шараларын тұрғындармен бірлесе жүргізу қажеттігін ескертті.
«Жайықжылуқуат» АҚ директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Есенжан Шонаевтың айтуынша, бүгінде жылу үшін оралдықтардың 400 млн. теңгеден аса қарызы бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу