М.ШҮЙІНШӘЛИЕВА: «АБАЙДЫҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІ, ҒАЖАЙЫП ӨЛЕҢДЕРІМЕН САНАМЫЗДЫ НҰРЛАНДЫРАЙЫҚ»

«Арлы ақын, адал ақын, адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдызы» атанған Ұлы Абайды Алаш елі, Жайық жұрты атынан ұлықтадық!
Осыдан 175 жыл бұрын дүниеге келген Ұлт ақынын ұмытпадық! Әлемді үркіткен кеселдің кесірінен Поэзия Пайғамбарына аяқтай барып, қабіріне зиярат ете алмадық. Құлпытасын құша алмадық! Бірақ, даңғыл бойында аспанмен таласып, халқымен сырласып, құстарды иығына қондырып тұрған Ұлы тұлғаның бейнесіне Ақ Жайық атырабы атынан бас иіп, рухына тағзым жасадық! «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп өзі айтқандай, бабамыздың Мәңгілік Елмен мәңгі жасайтынына иландық. Мұның бәрі кешелі бері БАҚ арқылы жалпақ жұртқа естілуде, санаға қонуда. Алып Абайға арналған игі-шараларды ауызбіршілікпен, татулықпен өткізген ұйымдастырушыларға ризамын. Карантин кезінде Ұлы бабама арналған жақсылықтардың басы-қасынан табылуыма ықпал еткен БҚО мәдениет басқармасына, Орал қалалық әкімдігіне, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына зор ықыласымды білдіремін. Сол секілді аты дардай «Хабар», «Aqjayiq», «ТДК-42» телеарналар ұжымына және Талғат Жұбанышев, Лұқпан Елеу, Айнұр Құрмаш т.б әріптестеріме рахмет айтамын.
Осы қыс айында әлеуметтік желілерде Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау бағытында Орал қалалық мәдениет бөлімі мен орталық кітапхана қолға алған челленджді әділ бағалаған қазылар алқасына айтар алғысым шексіз.
ТҮЙІН:
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық. Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деп философ, ғұлама, көріпкел атамыздың «Хикмет кітәбінен» ғибратты сөздерін, ғажайып өлеңдерін оқып, санамызды нұрландырайық, ағайын! Биыл 175 жыл дейік… Одан әрі… Ғасырмен ғасыр, тарихпен тарих жасайтын Абыз Абайдың аруағы Қазақ елін, Жайық жұртын қолдай берсін! Баба рухы баршаңызды демей берсін! Дара әрі дана Абаймен бірге жасайтын ұрпағымыз құстардай көбейе берсін!
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу