«ҒАЖАЙЫПТАН ҮМІТ ҮЗБЕЙІК…» – ХАДИША ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТЕАТРДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМЕН БӨЛІСТІ

«Үнемі ізденіс үстінде, сан түрлі идеямен жүретін жандар үшін карантин де, кезекті еңбек демалысы да кедергі болмады. Алғашқы нәтижесі – назарларыңызға ұсынып отырған бейнетуындымыз. Биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан Жұбан ақынның «Мен қазақпын!» атты рухты туындысына түсірілген бейнеролик өткеніміз бен бүгіннің байланысы, тарихтың терең сырлары жайлы сыр шертіп, қиын-қыстау сәтте еңсесі түскен ел-жұрттың жігерін жанып, жүректерге жалын береді деп сенемін. Аталған жұмысты әзірлеу барысында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Бөкей ордасының Хан ордасы және Қазталов ауданына қарасты Бостандық ауылдарында, Орал шаһарының аумағында қызу түсірілім жұмыстары жүргізілді. Жай ғана бейнеролик емес, қысқа метражды фильмге татырлық туынды болуы тиіс деген ұстаныммен еңбектенген жоба авторы – театрымыздың бас режиссері Гаухар Адайдың, түсірілім және монтаждау жұмыстарын өте сәтті алып шыққан бейнеоператорымыз Наурыз Халиттің, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда тер төккен театр қызметкерлерінің еңбектері ерекше» деп жазды Салтанат Мақсотқызы.
«Қандай тоқырау сәттер орын алмасын, театр жұмысы тоқтап қалмайтыны анық. Көрерменмен көзбе-көз жүздесуге рұқсат етілгенге дейін арадағы алтын көпірді жалғап тұрар жұмыстардың алуан түрін байқап көреміз. Тамыз айы бойына шығармашылық ұжым Қадыр ақынның өлеңдерін, қыркүйек айы бойына Жұбан ақынның жырларын тарту етпек. Ұлы мәртебелі Тәуелсіздік мерекесіне орай Махамбет Өтемісұлының отты өлеңінен әдемі туынды дайындамақ ниеттеміз. Оған қоса «Жұбан» спектаклі премьерасының да ауылы алыс емес» деп алдағы жоспарларға тоқталды.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу