ЖАҢА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Заманауи үлгідегі жаңа алаң Зашаған кентіндегі 25-Чапаев дивизиясы көшесіндегі 3-үй ауласынан салынды. Мұнда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Алдағы міндет – осы нысанның бүлінуіне жол бермей, күтіп-ұстау. Осы мақсатта алаң құрылысын жүргізген мердігер компания, «Орал» спорт клубы, «Геолог» ПИК және аталмыш мекенжай тұрғындары тарапынан қол қойылған төрт жақты меморандум жасалды.

Алаңның құрылысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 29 млн. 800 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді. Компания басшысы Мереке Молдағалиевтің айтуынша, нысанды салуға бір ай уақыт жұмсалыпты. Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы – отандық өнім. Жасанды көгал төселген 450 шаршы метрлік спорт алаңы жазда футбол ойыны үшін пайдаланылса, қыста хоккей кортына айналмақ.
Алаңға қоса жоба аясында тұрғын үй ауласы асфальтталып, өрнектастар салынған. 10 жарықшам бағаны мен үш бейнебақылау камерасы орнатылған.
Мекенжайдағы үйде 60 шақты отбасы тұрады екен. Көршілерінің ұйымшыл әрі белсенді екенін айтқан Баян есімді тұрғын қойылған құрылымдарды күтіп-ұстауға және ауланы одан әрі гүлдендіріп, абаттандыруға өздері атсалысатындарын жеткізді.
Айта кетейік, аталған нысан пайдалануға беріліп үлгермей-ақ балаларға арналған әткеншектің үзіліп үлгергені анықталып, мердігерлердің қайта жасауына тура келген. Бұл жасалған істің сапасыздығынан емес, ересектердің тарапынан болған вандализм екені бейнебақылау жүйесіне жазылып қалған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу