8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2020 1015 0
Дені сау ұлт

«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» МӘРТЕБЕСІ ӘР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫДА БОЛУЫ ТИІС

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіліп, 1 шілдесіне дейін барша азаматтарды шартты түрде сақтандырылып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай-ТМККК) мен МӘМС жүйесіндегі медициналық пакеттер теңдей көрсетілді. Қазіргі таңда шартты кезеңнің уақыты аяқталды.

Қазіргі таңда МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті алу үшін азаматтар медициналық мекемелерге жүгінген кезде сақтандырылғандар санатында жатпай қалған сәттер көптеп туындауда. Негізгі себептер: мемлекеттің 15 санат үшін төлейтін МӘМС жарнасынан түсіп қалуы, өз мәртебелерінің дұрыс анықталмауы, қаражаттардың дұрыс аударылмауы, және т.б. сұрақтар көрініс табуда. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нуржамал Жумагулова мәлімдеді.

Мысалы, жоғары немесе орта арнайы оқу орнында оқитын студенттердің мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, олар өздері оқитын оқу орнына жүгіну керек. Оқу орнының әкімшілігі әр бір студенттің аты-жөні мен ЖСН-н ақпараттандыру жүйесіне енгізуге міндетті. Егер де студент шетелде оқитын болса, ол Білім және ғылым министрлігінің сандық трансформация Департаментіне (8-7172-7415-33, 74-21-75, 74-24-27) оқу орнында оқитыны туралы дәлелдейтін құжаттарын ұсыну керек. Осыған байланысты бұл мәселе білім басқармасының құзырында.

Ішкі істер органдарында немесе әскери қорғаныс мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер төлеуден босатылуына байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрықтарына сәйкес, аталған мекемелердің кадр бөлімі әр бір қызметкердің аты-жөні мен ЖСН-н «Тұлғаларды есепке алу жүйесіне» тіркеу қажет. Ол үшін қызметкерлер өздері қызмет атқаратын кадр бөліміне немесе Ішкі істер министрлігіне 8-7172-715-229, Қорғаныс министрлігіне 8-7172-721-289, 721-300 телефондарына хабарласу қажет және жергілік органдардың кадр бөлімдері шешу керектігін ескертеміз.

Егер де жеңілдігі бар 15 санаттағы тұлғалар, оның ішінде жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін азаматтардың мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, олар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалына жүгіну керектігін айтамыз. Жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлерге еңбек демалысы кезінде МӘМС жарнасын аудармау себептері көптеп кездесуде. Сондықтан МӘМС заңының 5 бабының 3 бөлімінде көрсетілгендей өткен он екі айдан аспайтындай мерзімде МӘМС жүйесінде медицианлық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеу міндетті болып саналады. Сондай сұрақтарға Азаматтарға арналғын үкімет Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалына (ГЦВП) жүгіну керектігін айтқымыз келеді. Қор аударымдар мен жарналардың жүру тәртібіне жауап берілмейтіндігін айтқымыз келеді.

Тағы бір өзекті мәселе. 42500 әлеуметтік төлем алған кезде, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар (15 санатқа жататындар) Біріңғай жиынтық төлемді бір айға төлем жасап өз мәртебесінен айырылған жағдайларда туындаған. Оларға да сақтандырылмаған санат беріліп отыр, өйткені БЖТ төлеген сәттен бастап олардың санаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып ауысқан, алайда ары қарай айма ай төленім жүргізбеген. Енді оларды қайта 15 санаттың ішіне кіру керектігін, одан бөлек тіркелемін дегенше өткен айларына жарна жасалуын және тиісті мекемлерге жүгіну керектігін ескертеміз.

Осыған қоса, медициналық мекемелердің қабылдау бөлімдері мен учаскелік мамандардың тұрғындарға дұрыс, толық ақпарат бермеуінен көптеген қиындықтар тудыруда.

Пандемия кезінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдік мәселесіне ерекше назар аударамыз. ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 20 сәуіріндегі №224 Қаулысына сәйкес кейбір үлкен және шағын, орта бизнес өкілдері қарамағындағы қызметкерлерге төленетін салықтық төлемдерден босатылды, оған қоса МӘМС аударымдарынан да босатылған. ШОБ қызметкерлерінің медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлердің ЖСН номерлері арқылы «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінің https://msb.fms.kz/login сайтына (одан бөлек Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында да орналасқан) тіркеуі қажет. Сондай-ақ, тіркеуді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.

Жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды төлеу бойынша міндеттемелер қалады. «МӘМС туралы» ҚР Заңының 28 – бабының 5-тармағына сәйкес, ЖК ай сайын 1,4 ЕТЖ-нің 5% – ы, 2975 теңге мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асыруға міндетті.

ӘМСҚ әрбір азаматқа МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» уақытша мәртебесін алуға мүмкіндік берді. Ол үшін Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын жүктеу қажет. Содан кейін мобильді қосымшада тіркеліңіз. Сонымен, азамат уақытша «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін 1 ай ішінде өзінің мәртебесін анықтауы керек. Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» – де медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері тәулік бойы қабылданады. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап жолданады. Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» қосымшасында кеңес алуға, алғыс білдіруді, өз ұсыныстарыңызды білдіруге, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ БҚО бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
158 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
398 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
880 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1617 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2233 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2405 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2461 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2941 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2994 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2988 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3570 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3560 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3536 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3696 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»