8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2020 1054 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығындағы «Жұлдыз» шағынауданында коронавирус дертінен жазылып шыққандарды толыққанды емдеп жазу үшін арнайы емдеу мекемесінің құрылысы басталды. Шұғыл түрде халықтың денсаулығын жақсарту жолында атқарылып жатқан медициналық мекемеге 200 орынға шақталған.


Жаңа госпиталь Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданынан бой көтереді. Ол үшін бірнеше 4 гектардан астам жер телімі бөлінген. «Бұл қауіпті індеттің келесі толқынына дайындық» дейді мамандар. Өткен айларда провизорлық және инфекциялық бөлімшелерге айналдырылған аудандық және қалалық ауруханалар қазір қайтадан қайтарылып жатыр. Себебі, вирус жұқтырғандар азая бастаған.

Оңалту орталығының құрылыс жұмыстары 2 айдың ішінде аяқталмақ. Облыстағы аурухана неміс технологиясы бойынша жасалған модульдік блоктардан салынады. Бұл технология аурухана құрылысын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде халықаралық қауіпсіздік стандарттары сақталады. Негізінен оңалту орталықтары Елорда Шымкент Алматы сынды еліміздің ірі қалаларында да салынуда. Сол себепті тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
141 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
384 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»