8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2020 992 0
Өзек

ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ТӨККЕНДЕР ТІЗІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

Елизаров пен Фрунзе көшесінің қиылысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңының маңы автокөлік жолының жартысына дейін бей-берекет шашылып жатыр. Жәшіктеп төгілген жеміс-көкөністер мен қорап-пластиктерге қарап, орталық базардан тасылып жатқанын аңғару аса қиын емес. Мәселенің мән-жайына үңілген қала әкімі Абат Шыныбеков 4 тамыз күні аталған мекенжайға барып, тиісті сала басшыларына жағдайды реттеу туралы тапсырма берді.    

Қалдықтарды саудагер-кәсіпкерлердің тасып жатқанын осы маңдағы тұрғындар да растап отыр. Айтуларынша, күн сайын кешкі сағат 16.00-ден кейін «ГАЗель» көлігімен немесе қоларбамен қоқыстарды таситындар ағыла бастайды екен. Бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан берекетсіздіктен осы маңда тұратындар әбден қажығанын жеткізуде. Мекенжайға барғанымызда қоларбасына қалдықтарды тиеп келген азамат біздің де назарымызға ілікті. Базарда жүк таситын оның сөзінше, басшысы жол сілтепті, қоқыстарды осы орынға төгу үшін ақысын төлеп қойған-мыс.

Бұл жағдай, әрине, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлеріне де жақсы мәлім. Сәйкесінше, қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау, қоқысты заңсыз тасымалдайтындарды жауапқа тарту жүргізілуде. Тәртіп бұзғандарды анықтау мақсатында биыл бейнебақылау жүйесі де орнатылған. Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әлібек Дүйсенғалиевтің  сөзінше, жаз басталғалы  бұл жерге заңсыз қоқыс тастағандарға қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша 20  шақты хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Шаһарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалауға жауапты «Орал таза сервис» мекемесінің директоры Рафхат Данағұлов заңсыздыққа жол бергендер төлейтін айыппұл бұл жерді тазалауға кеткен шығынды ақтамайтынын жеткізді. Айтуынша, бүгін тазаланғанымен 2-3 күн ішінде қайтадан бәз баяғы таудай үйілген қалпына түсетіндіктен, әл бермей жатқан көрінеді.

–  Саудагерлердің күн сайынғы тасымалдайтын қоқыстарына қоса, тұрғындар құрылыс қалдықтарын да шығарып тастаған. Қоқыс шығаратын көліктеріміз контейнерлерге салынған қатты тұрмыстық қалдықтарды ғана жинайды, ал мұндай ірі габаритті қалдықтарды шығаруға күші жетпейді. Осы кезге дейін техника жалдап, қалдықты шығаруға мәжбүр болдық. Оған жылына 7-8 млн. теңге  жұмсалды, – деді Рафхат Мырзахметұлы.

Тұрғындармен тілдесіп, осы жағдайға байланысты әр саланың өкілдері мен қоғам белсенділерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдаған қала әкімі Абат Шыныбеков алдымен бұл маңға тұрақты түрде бақылау жүргізу арқылы тәртіп бұзушылыққа жол бергендерді дер кезінде ұстап, кәсіп иелерін анықтау үшін полиция бекетін ұйымдастыруды және қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын басқа орынға көшіруді тапсырды.

–  Заңбұзушылыққа жол бергендердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарына да  жариялау қажет. Сана-сезімдері төмен адамдардың аты-жөндерін халық білсін. Бұл жерде жиналған қоқыстың 70-80 пайызы осы маңдағы сауда орындарынан әкелінуде. Орталық «Мирлан» базарынан көтерме сауданы басқа орынға көшіруіміздің бір себебі де осындай  тәртіпсіздікке тосқауыл қою болатын, – деді Абат Абайұлы.

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, бүгінде қаладағы 700-дей қоқыс алаңында 3000-нан аса контейнер бар. Қатты тұрмыстық қалдықтар үшін биыл тағы 100  қоқыс алаңы дайындалып, 250 еуроконтейнер қойылмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
234 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
244 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
385 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
678 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
771 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1016 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1284 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1511 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1548 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1701 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1897 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2120 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2207 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2322 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2323 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»