КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР АШЫЛАДЫ
2020-2021 оқу жылында Батыс Қазақстан облысында 380 мемлекеттік күндізгі мектепте 100 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқыту формалары да қарастырылуда. Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева айтты.

Алдын ала жасалған талдауларға байланысты эпидемиологиялық жағдайы тұрақты шалғай ауылдық елді мекендердің мектептерінде балаларды штаттық режимде, ал қала және оқушы контингенті көп ауылдық мектептерде қашықтан оқыту қарастырылуда. Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы 220 мектепте барлығы 16 251 оқушы штаттық режимде білім алмақ. Оқушы саны көп саналатын 160 мектеп 90 425 балаға қашықтан оқыту жүйесімен білім беретін болады. Десек те, қашықтан оқытылатын мектептерде бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарлануда. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, 1 300-дей сынып ашылып, онда 17 мыңнан астам оқушы оқытылады деп күтіліп отыр.
– Санитарлық талаптардың қатаң сақталуы басты назарда болады. Балалар кезекші сыныптарға ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Кіре берісте қызуды өлшеу ұйымдастырылады. Ауаны тазалау, бөлмені ылғалдандыру режимі күшейтіледі. Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзілістер әр түрлі уақытта болады. Сабақтарды «Бір сынып – бір мұғалім» қағидасымен жүргізу қарастырылуда. Кезекші сыныптардағы онлайн және офлайн өтетін пәндер тізімі білім және ғылым министрлігімен келісім бойынша анықталады, – деді Айгүл Әділгерейқызы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу