8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2020 1084 0
Өзек

ОРАЛДА ТАҒЫ ДА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың тағы екі фактісін анықтады.


Орал қаласының тұрғыны дәрі-дәрмектерді Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан. Одан жалпы құны 128​ 000 теңгені құрайтын «Цефтриаксон» және «Ледокаин» дәрі-дәрмектері табылып, тәркіленді.

Екінші жағдайда, Оралдағы дәріханалардың бірі «Инфлюцид» препаратын пакетке 3500 теңге (белгіленген баға – 2 571 теңге) көлемінде сатылған. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 15.07.2019 жылғы №ДСМ-104 «Дәрілік заттың бөлшек саудада және көтерме саудада сатылатын тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығын бұзу болып табылады.

Жиналған материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау бөліміне жіберілді.

Айта кетейік, өңірде  бұған дейін де  дәрілік  заттар айналымы саласындағы бұзушылықтардың, рұқсаттық құжаттарсыз дәрі-дәремектерді сату және қымбаттату деректерінің  ашылғанын жазған болатынбыз.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
24 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»