ТӘРТІП БҰЗҒАН 72 ЖАСӨСПІРІМ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Жыл басынан бері Орал қаласы Полиция басқармасына 637 жасөспірім жеткізілген. Орал қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімі ата-аналардан жасы кәмелетке толмаған балаларына қатысты тәрбиелік жұмыстарды күшейтуді, оларды қараусыз қалдырмау және өз беттерімен жібермеулерін сұрайды.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бағытында ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелерімен бірігіп жасөспірімдермен жасалып жатқан құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп келеді. 2020 жылдың басынан бастап Орал қаласы Полиция басқармасына 637 жасөспірім жеткізілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда көп (2019 жылы – 528).
Түнгі мезгілде қоғамдық орында заңды тұлғаның жетелеуінсіз жүргені үшін 584 жасөспірім ұсталып, 570 ата-ана ескертіліп, 14 ата-анаға сот қаулысы негізінде 7 АЕК мөлшерінде (19 446 тенге) айыппұл салынды.
Соңғы 4 күнде Орал қалалық Полиция басқармасына түнгі мезгілде жүргендері үшін 72 кәмелетке толмаған ұсталып, жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, орын алған құқық бұзушылықдардың басты себебі – ана-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы.
Биылғы жылы түнгі мезгілде жүрген және суға түсуге барып, батып кеткен балалардың саны үш есеге артқанынын атап өткен полицейлер ата-аналардан жасы кәмелетке толмаған балаларына қатысты тәрбиелік жұмыстарды күшейтуді еске салып отыр.
zhaikuni.kz

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу