8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2020 13178 0
Қалалықтар қаперіне

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын шілде-қыркүйек айларында ұйымдастырылған болатын, 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес акция жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.

«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады.

Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасайды. Жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

2019 жылы акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 18 201 балаларына 134 453 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

Ағымдағы жылы акция «Компьютер сыйла», «Планшет сыйла», «Ноутбук сыйла» тақырыбымен өтеді. Жылдағыдай мектеп формасын сатып алу міндеттелмегендіктен, оқушыларға білім алуға қажетті компьютерлік техниканы сатып алу көзделді.

БҚО Білім басқармасы қашықтан оқыту форматында басталғалы отырған жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде облысымыздың барлық азаматтарын көмек қажет ететін оқушыларға планшеттер немесе компьютерлер сатып алып беруге көмек қолын созып, атсалысуға шақырады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»