ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ КҮНДЕРІ ОРАЛ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ (ҚАУЛЫ МӘТІНІ)
28 шілде 2020 жыл № 66__
Құрбан айт мерекесі күндері
Орал қаласының аумағында
коронавирустық инфекцияның
таралуына ықпал ететін
бұқаралық іс-шараларды өткізуге
тыйым салу туралы
Мен, Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Танауов Мәдениет Рашидұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдегі 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы, 104-бабы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабы, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдағы 20 наурыздың №239 бұйрығы, өмірді қорғау мақсатында, және Орал қаласының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай – ақ Орал қаласында жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) расталған жағдайларының тіркелуіне байланысты Орал қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі-КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Орал қаласының әкімдігіне, Орал қаласының полиция басқармасына, БҚО Дін істері басқармасына, Орал қаласының бас имамына 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндегі тыйым салынатын іс-шаралар:
1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізу
2) Орал қаласы әкімдігі белгілеген орындардан басқа, Орал қаласының аумағында автокөліктерден малды сату және малды союды ұйымдастыруға, өткізуге;
3) 2020 жылдың 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Орал қаласы бас имамымен белгіленген онлайн құрбан шалу цехтарының жұмысынан басқа, малды сою цехтарының жұмысына тыйым салынсын;
4) БАҚ арқылы онлайн режимінде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- 2020 жылдағы 29 шілдеден 2 тамыз аралығында Орал қаласының ветеринариялық инспекциясының басшысына:
1) Орал қаласының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту
2) Мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларымен қаулының тармақтарын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
3.Орал қаласының әкімдігіне, Орал қаласының полиция басқармасына, БҚО Дін істері басқармасына, Орал қаласының бас имамына 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндегі тыйым салынатын іс-шаралар:
1) құрбан шалу (құрбандық) онлайн режимінде рұқсат ету және Qurban2020.kz арқылы сайтқа өтінім беру;
2)Құрбан айт » мерекесін ұйымдастыру мәселесін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру»;
- Онлайн режимінде мал союмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне:
1)тез бұзылатын өнімдерді (ет өлген жануарларды) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
2)Мал союды ветеринариялық сертификат болған жағдайда және жабық режимде келушілерсіз жүргізу;
3)Респираторлық ауру белгілері бар персоналды мал союға жібермеу
4) Мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету
5) Дезинфекциялау және жуу құралдары, маскалар, қолғаптар сонымен қатар антисептиктер қорының болуын қамтамасыз ету;
- Орал қаласының полиция басқармасына:
1) Мал сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеуді бақылау
- Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласының әкіміне, Орал қаласының полиция басқармасына, БҚО Дін істері басқармасына, Орал қаласының бас имамына жүктелсін.
- Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 28.07.2020 ж. №64 «Орал қаласының аумағында Құрбан айт күнін мерекелеу күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Р.Танауов
Версия для печати
Пікір үстеу