8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2020 1428 0
Қалалықтар қаперіне

ҚҰРБАН АЙТ КҮНДЕРІ БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Құрбан айт мерекесі күндері Орал қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы   28  шілде күні Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №66 қаулысы шықты.

Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Танауов Мәдениет Рашидұлының қаулысында көрсетілгендей,  2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндеменшік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге, Орал қаласы әкімдігі белгілеген орындардан басқа, Орал қаласының аумағында автокөліктерден малды сату және малды союды ұйымдастыруға, өткізуге,   Орал қаласы бас имамымен белгіленген онлайн құрбан шалу цехтарының жұмысынан басқа, малды сою цехтарының жұмысына тыйым салынады.

29 шілде мен 2 тамыз аралығында Орал қаласының ветеринариялық инспекциясы Орал қаласының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейтіп, мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларының қаулының тармақтарын орындауын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Онлайн режимінде мал союмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері тез бұзылатын өнімдерді (ет өлген жануарларды) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі. мал союды ветеринариялық сертификат болған жағдайда және жабық режимде келушілерсіз жүргізуі, респираторлық ауру белгілері бар персоналды мал союға жібермеуі, мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуі, дезинфекциялау және жуу құралдары, маскалар, қолғаптар сонымен қатар антисептиктер қорының болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Айта кетейік, мал сою цехтарына бөгде адамдар  жіберілмейді. Құрбан шалу (құрбандық) онлайн режимінде рұқсат етіледі және Qurban2020.kz арқылы өтінім беруге болады. «Құрбан айт » мерекесін ұйымдастыру мәселесін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырылған.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»