БҚО-ДА БІР КҮНДЕ ҮШ АДАМ СУҒА КЕТТІ
БҚО-да демалыс күндері 3 тұрғын суға кетті. Тілсіз жаудың құрбанына айналған марқұмдар карантиндік шараларға қарамастан суға шомылып, бақилық болған.

Қайғылы жағдайдың үшеуі де 26-шы шілде күні тіркелген. Олардың екеуі Ақжайық ауданының тұрғыны болса, біреуі Бәйтерек ауданының азаматы. Су айдындарында жыл басынан бері қаза тапқан 14 адамның жетеуі мектеп жасындағы балалар.
– 26 шілде сағат 10-33-те Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылындағы Жайық өзенінен ТЖД ЖҚЖ күшімен 1979 жылғы ер адамның мәйіті табылды және шығарылды, ол 26 шілде сағат 00-30-да белгісіз жағдайларда суға батып кеткен. Марқұм достарымен, мас күйінде, жеке құтқару құралдарынсыз болған. Екінші оқиға сағат 18-10-да тіркелді. Судан 2002 жылы туылған азаматтың мүрдесі шығарыды, ол суға шомылуға жабдықталмаған жерде түскен және достарымен жеке құтқару құралдарынсыз болған. Сонымен қатар сағат 17-14-те Байтерек ауданы, Мичурино ауылдық округінде Шаған өзенінен ТЖД ЖҚЖ күшімен 1980 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол белгісіз жағдайларда батқан. Анықталғандай бұл тұлғада достарымен рұқсатсыз жерде демалыс ұйымдастырған және алкогольдік өнімдерді тұтынған,– деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу