8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2020 4752 0
Қоғам

ЕЛ АҒАСЫ

Ел мұраты, ел амандығы жолында аянбай еңбек етіп, тынбай ізденіп, белсене жұмыс істеп жүрген азаматтар қай өңірде де бар ғой. Кең байтақ еліміздің қай жерінде де ел мен жердің амандығы үшін тер төккен сондай тау тұлғалардың ерен еңбегі мен ақ тілеуінің арқасында да Отаны­мыз бейбіт-бақуат шығар. Иә, Қазақстан атты құлашы кең отанымыздың әрбір тасы бәрімізге қаншалықты қымбат болса, сол тас пен топырағын қадірлеп, ел мен жердің тыныштығы үшін талмай жұмыс істеп жүргендердің құрметі де ерек болмақ керек-ау! Осы орайда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында тынбай еңбек етіп жүрген азамат, ел ағасы Закария Сисенғали туралы жүрек түкпіріндегі жылы сөзімді қалың оқырманға әңгімелеп бергім келеді.   

Ақын, қоғам қайраткері Закария Сисенғалидің есімі Батыс Қазақстан өңірі жұртшылығына кең танымал. Басқа туындыларын айтпаған күннің өзінде, облысымыздың әнұранына айналған «Ақжайық – ару мекенім» әнінің өзі «жүз жорғалық» туынды десек қателеспегеніміз. Қасиетті Нарынды егіз емген көршілес ауданда туып өскесін Закария Жүсіпқалиұлын ертеден білетін едім. Замандаспыз. Ал жақсы араласқанымыз, жақын танысқанымыз 2011 жылы, мен Жаңақала ауданына жауапты қызметке тағайындалған күннен басталды.

Ол кезде Закария Жүсіпқалиұлы аудан әкімінің орынбасары екен. Елге белгілі мықты идеология сарбазына айналған шағы. Ел аузында құрметі кемімеген азамат екенін естіп білдік. Ауданға басшылық қызметке барғасын елдің адамдарын толық танитын, әрбірінің жағдайын білетін, елдің тынысын, қалыптасқан проблемаларын ашық айта алатын адам керек болды. Ондай адам қасымнан табылды. Елге танымал азамат, әкімдігі мен ақындығын шебер ұштастырып жүрген осы елдің үлкен жүректі тұлғасы Закария Жүсіпқалиұлының кандидатурасы үйлесе кетті.

Зәкең әлеуметтік салада ұзақ жыл бойы абыройлы қызмет атқарған адам болғасын, өз саласы бойынша ауызша да, жазбаша да ұсынысын, ойын, жоспарын шебер жеткізе білді. Сол ұсыныстар негізінде әрі өзімнің де тәжірибемді пайдалана отырып жоспар құрып, жұмысқа кірісіп кеттік.

Сол жоба-жоспарлар толық жүзеге асуы әрі Закария Жүсіпқалиұлының ұсыныстары толық орындалуы үшін ол әкімнің орынбасарлығы ауырлық қылмай ма деп уайымдайтын болдым. Себебі, аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары білім, медицина, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, БАҚ, қоғамдық ұйымдармен жұмыс секілді саланың барлығына бірдей жауап беретін еді. Ойлана келе Закария Жүсіпқалиұлына аудандық маслихат депутаттығына сайлауға түсіп, депутаттар сенім білдірсе, аудандық маслихат хатшысы лауазымын атқаруды ұсындым. Бұл ұсынысты Зәкең үлкен түсінікпен қабылдады. Сайлау өтті. Закария Жүсіпқалиұлы Жаңақала аудандық маслихатының хатшысы болып сайланды. Енді оның ел руханияты үшін алға қойған жоба-жоспарын орындауына уақыты да жететін болды деп қуандық. Ол өзінің міндетті қызметіне қосымша елдің рухани бағытындағы жұмыстарын атқаруға жанын сала кірісті. Ел тарихын зерттеу, оны кітап қылып бастыру, ауылдарда мұражайлар ашу, кесенелер, ескерткіштер тұрғызу, қоғамдық ұйымдардың жұмысын реттеу, тәрбиелік мәні бар іс-шараларды ұйымдастыру жұмысын әкімшілікпен бірлесіп атқара бастады. Айта кету керек, оның мұндай игі жұмысы көптің де көңілінен шығып, елдің алғысына бөленді.

Уақыт біздің сол кездегі бағыты­мыздың, ойға алған жоба-жобамыздың дұрыс екенін дәлелдеп берді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары ел дамуының негізі – ұлттың рухы, тарихы, ана тілі екенін анықтап берген еді. Бүгінгі күні Рухани жаңғыру мәселесі ұлттық идеяға айналды!

Закария Жүсіпқалиұлының ұсыны­сымен белгілі күйші, күй атасы – Құрман­ғазының шәкірті Мәменге, дәулескер күйші, жерлесіміз Тұяқберді Шәмеловке кесенелер тұрғызылды. Атақты күйшілер – Құрманғазы, Дина, Оқап, Қали, Мәмен, Шамғон, Тұяқбердінің ескерткіштері орталық алаңда бой көтерді. Кеңес Одағының 4 батырына бюсттер орнатылды. Тастөбе, Бейбітшілік, Даңқ, Қуғын-сүргін, Тәуелсіздік саябақтарында монументтер асқақтады. Аудандарда мұражайлар ашылып, даңқты жерлестердің үйлеріне ескерткіш-тақталар орнатылды. Мұның бәрінің басы-қасында ел ағасы Закария Жүсіпқалиұлы жүр еді. Осы жылдары Закария Жүсіпқалиұлының құрастыруымен және авторлығымен аудан тарихы жөнінде бірнеше кітабы жарық көрді. «Әнім сенсің, Жаңақала», «Ақ Жайық – ару мекенім», «Ақ тілек», «Жылдар-ойлар», «Жырлайды жүрек», «Қарашада қалған мұң», «Шындық шырайы» «Өткен күнде белгі бар…», «Сөйлейді, уақыт!», «Жұмақ мекен – Жаңақала» атты кітаптары ел ықыласына бөленді. Закария Жүсіпқалиұлының басшылығымен қасиетті Жаңақала өңірінің бай тарихы жөнінде «Жасампаз жылдар жаңғырығы», «Жаралы жылдар жаңғырығы», «Қамыс-Самар – Жаңақала: өткені мен бүгіні» (3 томдық) «Жаңақала ауданының тарихи-танымдық анықтамалығы» (2 дүркін), «Көпжасар ауылының тарихи-танымдық анықтамасы», «Жаңақала ауданының энциклопедиясы», Жаңақала жастары­ның шығармашылығы жөнінде «Қанат қақты» атты жинақтар жарыққа шықты. Ал оның қырықтан аса өлеңіне Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Д.Қажымов, Т.Шәмелов, Қ.Ахмедияров, Ж.Кеңесов, Е.Сатыбаев, т.б. композиторлар ән жазса, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетовтің қолдауымен шық­қан қазақ ақындарының 10 томдық антологиясына өлеңдері енді. З.Сисенғалидың Д.Қажымовпен бірге жазған «Ақжайық – ару мекенім», Ә.Бейсеуовпен жазған «Жаңақала – гүл қала», Д.Қажымовпен жазған «Қамыс-Самар маршы» атты өлеңдері облыс, аудан әнұранына айналды.

Осы орайда Закария Жүсіпқалиұ­лының ауданда ақындар мектебін қалыптастырған еңбегін де айта кету парыз. Әр түрлі деңгейде ұйым­дастырылған әдеби кештердің нәтижесінде жас ақындарды іріктеп, олардың өлең-жырларының рес­публика көлемінде жарық көруіне мұрындық болды. Ол ұйымдастырған белгілі айтыс ақыны марқұм Асылбек Ищанов атындағы «Жас қалам» жас ақындар клубының өзі бір төбе. Осы клуб арқылы жас ақындардың «Қанат қақты» атты өлеңдер жинағы, болашағынан зор үміт күттіретін ақын Жанайдар Болатұлының «Ойдағы нәзік сәулелер» сияқты кітаптары жарық көрді.

Закария Жүсіпқалиұлы депутат ретінде Елбасымен, өкімет басшылы­ғымен, министрлермен бірнеше рет кездесіп, өңір мен аймақ мәселесін көрсете білген жан. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Жаңақала ауылына дейін қатқыл табанды жол, жерасты ауыз суы келді. Көптеген ауыл сумен, көгілдір отынмен қам­тылды. Жаңа әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдар, тұрғын үйлер салынды. Осы жылдар ішінде облыс халқы арасында Жаңақала ауданы «Күйдің Астанасы», «Ескерткіштер елі» мәртебесіне ие болды.

Қызметтес болған кезімде Закария Жүсіпқалиұлының еңбегіне риза болып әзіл-шынын араластырып «Осы Зәкариясы жоқ аудандар қалай ел болып отыр екен?!» дейтінмін. Бұл – оның ерен еңбегіне ризашылықпен берген бағам еді.

Бүгінгі күні Закария Жүсіпқалиұлы зейнеткерлік жасқа үлкен жетістікпен, абыроймен жетті, халқының құрметіне бөленді.

Лавр Рашидұлы,

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
134 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
170 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
417 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
899 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1276 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1166 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1635 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2252 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2417 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2424 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2475 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2480 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2081 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2959 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3012 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3006 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3621 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3588 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3579 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3554 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3715 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»