БҚО-ДА 300-ДЕН АСА ДӘРІХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
БҚО-да дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне жол бермеу бойынша атқарылып жатқан жұмысар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет баяндады.

Карантин кезінде өңірдегі фармацевтикалық қызметтің дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, АМТ және қоғам өкілдерінен құрылған мониторингтік топтар дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату барысына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауын анықтау жүргізуде. Бүгінгі күні облыс көлемінде 300-ден астам дәріханаларға мониторинг жүргізілді.
Мәселен, Нұрдәулет Сәметтің мәліметінше, 14 шілде күні департаментке карантин кезінде Орал қаласының дәріханаларында жоқ дәрілік препараттарды (ингавирин, цефтриаксон, азитримицин) заңсыз сатып жүрген белгілі бір азамат туралы арыз түскен. Сол күні өтініш берушінің қатысуымен көрсетілген дәрілік препараттарды белгісіз азаматтан сатып алу ұйымдастырылып, одан 5 қорап ингавирин, 5 қорап азитримицин және 38 ампула цефтриаксон сатып алынды. Сатып алынған дәрілердің жалпы құны 66 830 теңгені құраған. Материал БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (14.07.2020 ж. АТК №202700130000489) ҚР ӘҚБК 424, 426-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін берілді. Бүгінгі күні аталған іс сотта қаралуда.
Мемлекет басшысының «СК-Фармация» ЖШС-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау туралы тапсырмасы шеңберінде COVID-19 әлемдік пандемия жағдайында Қазақстанға келіп түсетін барлық гуманитарлық көмекті соңғы тұтынушыға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Осы жұмысқа қоғам және БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып, гуманитарлық көмекті қабылдауға және таратуға жауапты Денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні облысқа Катардан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан, Қытайдан, Ресей Федерациясынан және Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. Гуманитарлық көмектердің ішінде «Коронавир» дәрісі және жеке қорғаныс құралдары бар. Алдын-ала алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін әрбір дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы «ТЕГІН БҚО Гуманитарлық көмек» мөртаңбасымен таңбаланды. Бұл гуманитарлық көмектер БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Халықтық бақылау» комитетінің және қоғам өкілдері мен еріктілердің қатысуымен облыстық, қалалық және аудандық ауруханаларға, провизорлық стационарларға бөлініп жеткізілуде, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстағы департаменті басшының орынбасары.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу