8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2020 1222 0
Қоғам

БҚО-ҒА РЕСЕЙ МЕН ӨЗБЕКСТАННАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

         19 шілде күні Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясы және Өзбекстан мемлекетінен гуманитарлық көмек жеткізілді.

Гуманитарлық көмек ішінде «Коронавир» дәрісі және жеке қорғаныс құралдары бар. Алдын-ала алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін әрбір дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы «ТЕГІН БҚО Гуманитарлық көмек» мөртаңбасымен таңбаланды.

Бұл гуманитарлық көмектер БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Халықтық бақылау» комитетінің және қоғам өкілдері мен еріктілердің қатысуымен облыстық, қалалық және аудандық ауруханаларға, провизорлық стационарларға бөлініп жеткізілуде.

Атқарылып жатырған жұмыстар кез-келген гуманитарлық көмекке алып-сатарлықты болдырмау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың бірі. Әрбір дәрі-дәрмек пен қорғаныс заттары тиісті мақсатта қолданылатын болады.

Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
112 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
296 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»