«ШЕКТЕУЛЕРДІ ЕНГІЗУДЕ ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЕСКЕРІЛДІ»
Өңірде 2 тамызға дейін қатаң карантин режимі сақталады. Карантинге байланысты бірқатар нысандардың қызметі тоқтатылып, бірқатарының жұмыс уақытына шектеу енгізілді. Дегенмен, базарлардың, жазғы кафелердің жұмысына қойылған шектеулерге байланысты наразылық туындауда. Бұл мәселеге орай облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев түсінік берді.

БҚО бас мемлекетік санитарлық дәрігерінің қаулысында 5 шілдеден бастап жұмыс жасауына тыйым салынған және қызметіне шектеулер қойылған нысандар көрсетілді. Атап айтар болсақ, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен сауда үйлері, азық-түліктік және азық-түліктік емес жабық базарлар, қоғамдық моншалар мен шаштараздар, сұлулық салондары және басқалар. Ашық базарлар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытына шектеу енгізілді. Бұған қоса өткен аптада облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің демалыс күндері ашық базарлар мен қоғамық көліктер қызметін толық тоқтату туралы қаулысы шықты.
– Қазіргі уақытта өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Демалыс күндері халықтың жүріп-тұру қозғалысы арта түсетіні байқалады. Аудан-ауылдардан облыс орталығына, соның ішінде базарға келушілер көп. Осылайша, адамдардың жаппай бір жерде жиналу жағдайына әкелуде. Вирустың адамдардан бір-біріне берілуін тоқтату мақсатымен уақытша осындай шектеу енгіздік. Мұндай шектеу біздің өңірде ғана емес, республиканың басқа аймақтарында да қолданылуда. Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазғы кафелердің жұмыс жасауына рұқсат екені жазылған. Бірақ, сол қаулыда әр өңірдің бас мемлекеттік санитар-дәрігері аумақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қатаң карантиндік шараларды енгізе алатыны көрсетілген. Осы орайда облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жазғы кафелердің қызметіне шектеу енгіздік. Олар тек тапсырыс берушіге жеткізіп беру қызметін көрсете алады. Аумағы 500 шаршы метрден асатын кәсіпкерлік субъектілері тасымалдау қызметін ғана көрсете алады. Ал 500 шаршы метрге дейінгі нысандар үшін шектеу жоқ, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Қазір қалалық, аудандық әкімдік жанынан құрылған мониторинг топтар нысандарда мониторингілеу жүргізуде. Бүгінге дейін мониторинг топтары санитарлық-дезнифекциялық режимнің бұзылуы, көпшілік отбасылық шаралардың ұйымдастырылу жағдайларын анықтап үлгерді. Денсаулық сақтау министрінің коронавирус жұқпасының таралуын алдын алуға бағытталған санитарлық қағидасы туралы бұйырғы бойынша ережені бұзғандар ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-ші бабымен жауапқа тартылады. Нақтырақ айтар болсақ, шектеу талаптарын ескермеген жеке тұлғалар 30 АЕК (83 мың теңге) айыппұл төлеуге мәжбүр болса, шектеулерге қарамастан немесе мүлде тыйым салынған кезеңде жұмыстарын жалғастырған кәсіпкерлік нысандарының иелеріне 230 АЕК (600 мың теңге) айыппұл салынады. Әрі кәсіпкерлік нысандарының деңгейіне байланысты 4 млн. теңгеге дейінгі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Бұған дейін Орал қаласында және Жәнібек, Қаратөбе, Қазталов, Теректі аудандары бойынша отбасылық шараларды ұйымдастырған азаматтар жауапқа тартылған.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы атап өткендей, маусым айында өңірдегі аурушаңдықтың өсімі 4,9-6,9 пайыз шамасында болса, қазіргі уақытта, яғни карантиндік шектеу енгізілген соң өсім көрсеткіші 2,4-2,3 пайызға түскен.
Мамандардың айтуынша, өсім деңгейінің бұдан да төмендеуі, вирустың бір адамнан екіншісіне берілуін үзу үшін карантиндік шектеулердің қатаң сақталуы маңызды болып тұр.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу