8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2020 1918 0
Қоғам

«ҚАЛЫПТЫ ӨМІРДІ САҒЫНДЫМ»

 Шынымды айтайын ба? Қатты сағындым. Балалық шақты деп әрідегіні айтпай-ақ қояйын. Осыдан не бары 4-5 ай бұрынғы қалыпты өмірді сағындым. Шынымен, қатты сағындым. Басқа қалаға кеткенде, онда да ұзаққа, көп күнге кеткенде ата-анамды, үйімді, Оралымды сағынатын едім. Одан басқа сағыныш бірінші рет болып тұрған шығар. Бәлкім, еркіндіктің қадірін енді түсініп жатқан шығармын.

4-5 ай бұрынғы тіршілік қандай еді?! Барлық адам ешқандай уайымсыз, қайда барып қыдырсаң да, қай уақытқа дейін болсаң да ешқандай шектеу жоқ. Ешкімнен күдіктенбей, қымсынбай жайбарақат, емін-еркін демалады, жұмыстарын жасайды. Тойларын тойлап, асыр салып, бірбірінің қуанышына да, қайғысына да ешкімге жалтақтамай, қанненқаперсіз ортақтасатын еді. Қазір ше? Ұйқыдан тұрып, әлеуметтік желіні ашып қалсаң да, теледидарды қосып қалсаң да – Короновирус. «Бүгін ауру жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті», «Вирустан қайтыс болғандар», «Дәріханаларда дәрі тапшы», «Маска жетіспей жатыр» , «Ауруханаларда науқастарды жатқызатын орын жеткіліксіз», «Төтенше жағдай», «Карантин», «Шектеулер», «Сенбі-жексенбі күні шектеулер», «Шектеулер тағы да шектеулер»! Қай-қайсысын ашып оқып, көріп, тыңдап қалсаң да, осындай жаңалықтар. Ол аздай елді арандататын, дүрліктіріп, уайымға салатын фейк-жаңалықтар бар. Соған сеніп, арандап қалатын халық одан да көп. Бәрі рекордтық көрсеткіште әйтеуір. Бәрі-бәрі бірбірінен асып түседі.

Шүкіршілік тің аздығынан осындай халге жеттік пе деп ойлаймын. Басында «Біздің елде коронавирус әлі жоқ, тіркелген жоқ» деген ресми мәлімет айтылғанда, «Мүмкін емес, бүкіл елде бар, біздің елде қалай жоқ?» дедік. Сол сөздің орнына «Аллаға шүкір, болмай-ақ қойсын» дегенімізде ғой. Одан кейін «Коронавирус бар, ол – өте қауіпті, сақтанып жүріңіздер» деген мәлімет таратылғанда, «Коронавирус жұқтырған ең болмаса бір танысың бар ма?» деп сенбестік таныттық. Осындай сөздермізбен алыста жүрген вирусты жақындатып алған шығармыз. Қазір көпшілігінің коронавирус жұқтырған кем дегенде алыс танысы болса да бар.

Біз бәрін Үкіметтен көреміз. Біз әрдайым өзімізді судан таза, сүттен ақ етіп, кінәні өзгеден іздейтініміз шындық. Бұл жағдайға да биліктегілерді кінәладық. Мені «үкіметтің адамы, мемлекеттік қызметте жасайды, солардың сөзін сөйлеп отыр» деп ойлаудың қажеті жоқ. Мені жақсы танитындар ешқандай мемлекеттік мекемеде, үкіметте жұмыс жасамайтынымды жақсы біледі. Құранда мынадай аят бар екен: «Бастарыңа келген әрбір бәле-жала өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның кесірінен. Дегенмен, Ол күнәларыңның көбін біржола кешіреді» (Аш-Шура сүресі, 30-шы аят). Осыған ұқсас тағы бір аят бар екен: «(Уа, адам баласы!) Саған нәсіп болған әрбір жақсылық Алладан, ал басыңа келген әрбір жамандық өзіңнен» (Ән-Ниса сүресі, 79-шы аят) дейді. Көрдіңіз бе? Үкіметтің кесірінен деп тұрған жоқ, өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның кесірінен деп көрсетеді. Осы аяттардың өзі біраз нәрсені түсіндіріп тұр.

Қазір жағдай бұрынғыдан да ушығып кетті. Еліміз әлемде, екінші рет қатаң карантин жариялаған тұңғыш ел болды. Вирус жұқтырудан әлем бойынша 34-ші орында тұр. Күн сайын кем дегенде 1300-1500 адам жұқтырып жатыр, бұл қарқынмен екі аптада 34-ші орыннан, 25-тікке кіруге болады. Инстаграмды ашып қалсаң күн сайын елге еңбегі сіңген танымал тұлғалар өмірден өтіп жатыр. Бірақ, сонда да сенбейтіндер әлі бар. «Карантин қашан бітеді? Шаршап кеттім» деп қоямыз тағы. Ал бізге Президентіміз карантиннің қашан бітуі сіз бен біздің жауапкершілігімізге байланысты екенін ескертуде. Медицинамыздың бұл вирусқа тойтарыс беруге дайын болмағанын да Президентіміздің өзі мойындап отыр. Вирус жұқтырып, одан қайтыс болып жатқан дәрігерлер де бар. Бүйтіп, вирустың бар екеніне сенбей, жауапкершіліксіз жүре беретін болсақ, ертең бізді емдейтін дәрігерлер де қалмай қалады. Онсыз да дәрігерлер тапшы, шақыртуларға үлгере алмай жатыр, дәрі-дәрмек аз, өкпені желдету аппараттары жетіспеуде, ауруханада орын жоқ. Осының бәрі көбіміздің вирусқа сенбегенімізден болып отыр. Шындық осы. Вирустың бар екеніне сенетін уақыт келді. «Менің әлі де ауырған танысым жоқ, өзім де әлі ауырған жоқпын» деп жүре бермей, «болмай-ақ та қойсын, ауырмайақ та қояйын» деп шүкіршілік етіп, сақтанып жүрейік. Бәріміз жауапкершілікті сезініп, аты жаман індеттен тезірек құтылып, қалыпты емін-еркін өмірге оралайықшы деген ой менікі.

Мен қалыпты өмірді қатты сағындым.

Ерген АҚМЫРЗА, жастар белсендісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
63 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
245 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
284 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
563 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
574 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
700 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1003 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1094 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1122 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1332 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1604 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1829 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1868 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2214 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»