8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 1523 0
Қоғам

ЗАШАҒАНДАҒЫ 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КҮЗДЕ АЯҚТАЛАДЫ

 Бүгінде Зашаған кентінде 70 мыңнан аса тұрғын бар.  Кенттегі №30, №10, №47 орта мектептерде оқушылар үш ауысыммен оқуда. Осы түйткілді мәселені шешу бағытында өткен жылдың маусым айында аудандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңынан тағы бір жаңа мектеп құрылысы басталған еді. ын бұдан бұрын да жазған едік. Бүгін қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аталмыш білім ошағының құрылыс сапасын бағамдады. 

Жаңа нысанның жобалық құны – 1 миллиард 731 миллион теңгені құрайды. Қазір ішкі жөндеумен қатар абаттандыру, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша мектеп келер жылдың ақпан айында пайдаланылуға берілуі керек. Әйтсе де мердігер компания құрылыс жұмыстарын ширатып, осы жылдық қыркүйек айында тапсыруды көздеп отыр. Су жаңа нысанға қаладағы №38 мектеп көшіріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар кенттегі №20, 30, 10, 47 орта мектептердің бірқатар оқуышалры ауысады деп күтілуде.

Мектептің құрылыс жұмыстарына жауапты – «НұрКапСтройГаз» ЖШС. Учаске басшысы  Сейітқазы Гамирланның айтуынша, мектептің жалпы аумағы төрт гектарды құрайды. Жоба бойынша 900 балаға лайықталған.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, аталған 900 орындық мектеп екі ауысыммен 1500 баланы біліммен қамтымақ. Орал қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, болашақта кенттегі №10, 47 мектептердің жүктемесін азайтып, үшауысымдылықты жою мақсатында Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ауданында 900 орындық №52 мектептің құрылысына қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданған. Сондай-ақ «Балауса» шағын ауданынан №53 мектептің құрылысына, бұдан бөлек Меловые горкидағы №18 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын тұр.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»