БҚО-ҒА РЕСЕЙЛІК МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ КЕЛДІ
Қазақстан мен Ресей басшылығы арасындағы қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына ағымдағы жылдың 6 шілдесінде РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гридневтің басшылығымен 32 жетекші маман келді. Олардың қатарында инфекционистер, реаниматологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар бар. Бұдан әрі РФ мамандары Қазақстан өңірлеріне жұмыс істеуге жіберілді. Бүгін біздің облысқа эпидемиолог дәрігер Павел Гусевтің басшылығымен 5 ресейлік дәрігерлерден құралған делегация келді. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олар COVID-19 инфекциясымен күрес жолында, өз тәжірибелерімен бөлісумен қатар практикалық жұмыстарымен де айналысатын болады. Құрамында инфекционист дәрігер Шавкатджон Очилов, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер Аделина Маткаш және Сергей Драчук, сондай-ақ инфекционист дәрігер Риат Канцеров бар.
Делегация Орал қаласының инфекциялық және провизорлық стационарларына бекітілді.
Осылайша, облыстық көпбейінді аурухананың провизорлық стационарында топ жетекшісі дәрігер эпидемиолог Павел Гусев және дәрігер анестезиолог-реаниматолог Сергей Драчук жұмыс жасайтын болады.
Қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар стационарында дәрігер инфекционист Шавкатджон Очилов және дәрігер анестезиолог-реаниматолог Аделина Маткаш еңбек етеді.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандарына инфекционист дәрігер Риат Канцер көмектеседі.
Дәрігерлер арнайы бөлінген қонақ үйіне орналастырылды.
Ресейлік мамандар Орал қаласында 2 тамызға дейін болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу