ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКПЕН КЕЛГЕН БҰЙЫМДАРҒА МӨР БАСЫЛДЫ
Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын сақтау мақсатында арнайы мониторингтік тобымен мониторинг жұмыстары жалғасуда.


Бүгін БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, қоғам өкілдерінің және фармацевтикалық бақылау қызметі өкілдерінің қатысуымен Орал қаласының дәріханаларына (Мөңкеұлы 83/3, Мөңкеұлы 79, Б.Майлин 45 А, Құрманғазы 202 мекенжайлары бойынша) мониторинг жүргізілді. Аталған мониторингтер аудандарда жүргізілуде. Мониторинг барысында дәріханаларда бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысына Катардан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Келген гуманитарлық көмекке алып-сатарлықты болдырмау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Мониторингке БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева және «Халықтық бақылаудың» мүшесі А.С.Туркина және еріктілер қатысты.
Гуманитарлық көмек ішінде дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары бар. Алдын-ала алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін арнайы мөр жасалып, онда «ТЕГІН БҚО Гуманитарлық көмек» («БЕСПЛАТНО ЗКО гуманитарная помощь») деп жазылды. Әрбір дәрі-дәрмек пен қорғаныс заттары сол мөртаңбамен таңбаланатын болады.
Алдағы уақытта аталған бағыттағы мониторингтер өз жалғасын табатын болады.
Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу