ҚАТАҢ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ 2 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Осы тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдадық. Бұл ретте ұсыныстарды ескере отырып, келесі шаруаларды тапсырамын», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Асқар Мамин алдымен коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді.
«Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз. Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын», – деді ол.
Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің қажетті қоры барын айтып өтті.
«Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріханалар мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет. Атырау және Маңғыстау облыстарында вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін осы өңірлерге мамандар жіберілді. Бұл шара Атырау облысын – 102, Маңғыстау өңірін 56 маманмен жұмысты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Аталған әкімдіктер жіберілген мамандарға көмек көрсетсін», – деді ол.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу