ОРАЛДАҒЫ 58 ДӘРІХАНАҒА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
12 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті, «NUR OTAN» партиясының БҚОФ, «Aqjayiq adaldyq alany» жобалық кеңсесі басшылығы, сондай-ақ қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторингпен қаланың 58 дәріханасы қамтылды, оның ішінде дәріханалардың ірі желілері («Талап» АҚ, «Провизор» ЖШС, «Рахишева Б.Р.» ЖК және т.б.), сондай-ақ қаланың шағын дәріханалары («Нурушева» ЖК, «Пиляева» ЖК, «Малаева» ЖК және т.б..) бар. Азитромицин, Тамифлю, Ингавирин, Арпефлю, Цеф III, Цефтриаксон, Левозин сияқты көптеген вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттардың жоқтығы байқалады, бұдан басқа қызу өлшегіштер де сатылымда жоқ. Сатушылардың түсіндірулері бойынша қоймаларда тиісті дәрі-дәрмектер жоқ. Бұл ретте, көптеген дәріханаларда ұқсас вирусқа қарсы препараттардың бағасы (Азитромицин, Тамифлю, Арпефлю, Сумамед) бірнеше есеге қымбат.
Сондай-ақ рұқсат етілген баға 118 теңге болғанымен, медициналық маскалардың кейбір дәріханаларда құны 120 теңгеге сатылып жатқаны анықталды.
Бүгінгі күні Орал қаласында дәріханалар штаттық режимде жұмыс істеуде, кезектілік жоқ.
Мониторинг барысында медициналық препараттарды лицензиясыз заңсыз сату фактілері анықталған жоқ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу