8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1347 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ ЕМХАНАЛАР ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ

Бұл турал бүгін БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Емханаларға тіркелген пациенттерге  қызмет көрсету қашықтан жүргізілмек. Ол үшін барлық емханаларда ахуалдық орталықтар ұйымдастырылған. Орталықта екі ауысым бойынша дәрігерлер сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін кезекшілікте болады.


Емхана қызметкерлері ЖРВЖ және пневмониямен үйде жатқан пациенттермен күн сайын телефон арқылы байланыс жасап отыр. Ахуалдық саІІ-орталықтан қашықтан кеңес беру жүргізілуде. Тәулік бойы шұғыл медициналық көмек бригадалары жұмыс жасайды. Жұмысқа эндокринолог, невропатолог, кардиолог, онколог сынды профильдік мамандар толық жұмылдырылған.
«Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаға тіркелген тұрғындарға аса қажеттілік болмаса медициналық мекемеге бармауларын сұраймыз. Ең дұрысы – учаскелік дәрігерге хабарласып, мәселені қашықтан шешкен дұрыс. Дәрі-дәрмек үшін де емханаға барудың қажеттілігі жоқ. Онкологиялық және созылмалы сырқатпен диспансерлік есепте тұрған науқастарға өмірлік маңызды препараттарды мекенжайлары бойынша үйлерге жеткізу мүмкіндігі бар. Өз бетінше емханаға келгендердің тепловизор арқылы дене температуралары өлшеніп, дене қызулары жоғары болғандар фильтрге жіберіледі» деп түсіндірді БҚО денсаулық чақтау басқармасы.

Медицина мамандары өз учаскелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізуде.

Ақ халаттылар азаматтарға тұмау белгілері немесе әлсіздік байқалса, шыдамдылық танытып, үйде қалуды ескертеді. Дәрігерді шақырту және кеңес алу үшін әр емханадағы ахуалдық орталықтарға хабарласуға болады.

Әр емханадағы ахуалдық орталықтардың байланыс нөмірлері:

№1 қалалық емхана – 51-04-32, 51-92-14, 50-66-00, +77712170285.
№2 қалалық емхана – 91-80-55.
№3 қалалық емхана – 51-40-34, 51-38-49.
№4 қалалық емхана – 52 79 34, +77087672190.
№5 қалалық емхана – 91 80 60, +77785267011.
№6 қалалық емхана – 31 01 76, +77073609580.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»