8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1731 0
Өзек

БҚО-ДА ТОП БОЛЫП БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҰРЛАҒАН ШЕНЕУНІКТЕР ТЕРГЕЛУДЕ

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың бірінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдың маусымы мен тамызы аралығында іс жүзінде орындалмаған жұмыстың көлемін мердігермен келісе отырып арттыру арқылы 31 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша мемлекеттік органдардың бірінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деді Қайсар Баржақсынов.

Оның атап өтуінше, тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
23 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»