«БІР-БІРІМІЗГЕ КЕСЕЛІМІЗ ТИМЕСІН ДЕСЕК…»
Бүгінгі ахуал ел үшін күрделі де ауыр болып тұр. Әлеуметтік желіден күнде ауыр, қазалы хабар легі толастар емес. Алайда, бізге ескертіліп, хабардар етілген, тіпті заң аясында қолданыстағы сақтық шараларының өзін сақтамай келеміз. Кім үшін? Ең маңыздысы әркімнің денсаулығы өз қолында екендігіне әлі де көз жұмып отырмыз.

Жақсы, бірі «саясат» деді, бірі «жалған» деді. Сенбеді. Басқа да сан пікірлер жазылып, тартысқа түсті. Одан кім не ұтады? Керісінше сол тәртіпке бағынып, бір-бірімізге кеселімізді тигізбеуді неге ойламаймыз? Ең бастысы гигеналық тазалықты, белгіленген сақтық шараларын қатаң сақтау. Алайда санамызды әлі де сілкіндіру қажет, айтылып жатса да той, садақалардан қалысып жатқан жоқпыз, жасырын тойлар өтіп жатыр. Сананы ақша билеген уақыт-ай. Тіпті күнде қаншама адамға емнің өзі араша бола алмай жатқанын біліп отырсақ та, бәрібір тәртіпке бағынбай отырмыз. Әрине жастардың жарасымды жұп құрып, отбасын құруы заңдылық. Екі жақтың ата-анасынан ақ бата алып, тойларды әзірге қысқартса болмайды ма, жақын-жуық, жанашырлары көмегін аударма арқылы жіберіп, онлайн құттықтаса да болады емес пе?! Ешкім ешкімге ренжімес, жақсы күндерде талай қуаныштың дастарханы болар. Ал әзірге бір-біріміздің денсаулығымызды ойлап, жанашыр бола білуіміз қажет. Садақаға да үйден дұға етіп қана байланыс арқылы көңіл айту керек сияқты. Өзім мүмкіндігінше сақтап келемін. Ортаң болғасын әркімнің қуанышы да, қайғысы да болады, бірақ телефон арқылы ғана байланыс жасап отырмын. Немерелеріміз бар, оларға кеселіміз тиіп жатса,
ең өкініштісі сол болар.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеудің бір жолы саналы түрде тәртіпке бағыну. Басшылардан бастап, қоғам болып қолдан келгенше күресу керек. Жұмыс кестелерін, келетін, келмейтін қызметкерлерді нақты бұйрықпен рәсімдеп, қашықтан жұмыс жолдарын дұрыс қоя білуге машықтандыру.
Шыны керек, бөлек тұрған үлкен ұлымның үйіне де бармайтын болдым. Алла жақсы күндерге тез жеткізсін. Өзімізді де, өзгені де ойлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Ал тығылып той жасап және сол тойға жалға беріп жатқан тойхана, кафе иелеріне, тойға қатысушыларға да сана берсін дегім келеді. Осы жағын қатаң қадағалау қажет.
Ақкүміс МҰРАДЫМОВА,
Сырым ауданының тұрғыны
P.S. Елімізде аты жаман індет өршіп барады. Жақыны, туысы, танысы ауырып жатқанда, ертең мен де сырқатқа шалдықсам қайтемін деген үрей әрқайсымыздың бойымызды билеп алды. Дəріханалардың алды ұзын-сонар кезек, ауруханаларда орын жоқ. Осы себепті газетіміздің алдағы санынан бастап «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде…» айдарын ашып, сіздердің көкейтесті сұрақтарыңызға мамандардың кеңесін жариялауды жөн көрдік. Сіздердің ой-пікірлеріңіз біздер үшін маңызды. Сұрақтарыңыз бен ой-пікірлеріңізді zhaik_yni@mail.ru эл.поштасына жолдаңыздар!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу