8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1306 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ: «ІНДЕТ ҮРІМ-БҰТАҒЫМЫЗҒА ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰР»

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  карантиндік шектеулер жеңілдетілген соң, вирусты жұқтырғандардың саны артқанын атады.

Нақтырақ айтқанда, жалпы жағдайлардың 85  пайызы маусым-шілде айында тіркелген.   ПТР-тестілеусіз тіркелген жағдайлардың көп екенін де атап өткен жөн.  Ешқандай ауру белгілері болмағанымен вирусты тасымалдаушылар бар. Олар ауруды жеңіл өткізгенімен, иммундық жүйесі төмен өзгелерге  ауру жұқтыруы ықтимал.

 –  Жиі айтып жүргенімізбен, өкінішке орай тұрғындар бұл мәселені жете түсінбей отыр. Әлі де той, садақа, түрлі іс-шаралар өткізіліп, бір-біріне қонаққа бару, кездескенде  қол беру тоқтамай тұр. Осындай жағдайлар аурулардың көбеюіне  әкелуде, дәрігерлеріміздің де  жүктемесі артуда. Бүгінде бірқатар елдерде ахуал тұрақтанып келеді. Олардағы жағдай біздің өңірдегіден де ауыр болған еді. Бірақ, олар ішкі тәртіптің арқасында эпидимиологиялық ахуалды жақсарта алды. Шетелдік мамандардың пайымдауынша, коронавируспен күресте ең тиімді тәсіл – көпшілік жерлерге бармау, той-томалақ өткізбей изоляцияда болу. Өкінішке орай, біздің елдің азаматтары осындай позицияны ұстана алмай отыр. Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін баға жетпес қазына – денсаулық. Екінші бір қазынамыз – әрбір үйдің байлығы болып отырған қарияларымыз, ақ жаулықты апаларымыз. Мына аса қауіпті дерт тек денсаулығымызды жойып қана қоймайды. Асыл қазынамыздан айырып, үрім-бұтағымызға қауіп төндіріп тұр. Сақтық шараларына салғырт қарамайық. Коронавирус бейқамдықты кешірмейді. Мен барлық қиындықтарды бірге жеңе алатынымызға сенімдімін. Жақынымызға жанашыр болып, қауіптің беті қайтқанша аман болайық,– деді Ғали Нәжімеденұлы.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»