ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков кент тұрғындарына жаңа әкімді және әкімдік аппаратының мамандарын таныстырды.

2020 жылдың 13 сәуірінде Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес Орал қаласы әкімдігінің Деркөл кенттік округі әкімдігі құрылған болатын. ҚР «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша кенттік округ әкімдігінің құрылымдық штаты бекітіліп, әкім лауазымына сайлау жарияланды. Ұсынылған үш кандидаттың ішінен Орал қалалық мәслихаты депутаттарының дауыс беруімен Жұбан Тұрарұлы Жұмағалиев таңдалып, қала әкімінің өкіміне сәйкес 1 шілдеден бастап Деркөл кентінің әкімі болып тағайындалды.

Жұбан Жұмағалиев – 1992 жылы дүниеге келген, Деркөл елдімекенінің тұрғыны. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін, Батыс Қазақстан инновациялық-телекоммуникациялық жүйелер университетін «Техник-электрик», «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Ақсай элеватор» ЖШС-нда жұмысшы ретінде бастап, 2013-2018 жылдары – Орал қаласы Зачаганск кенті әкімдігі аппаратында жетекші маман-бас маман, 2018 жылдан бастап Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарды.
– Жұбан Тұрарұлының білімі, жинақтаған тәжірибесі Деркөлді одан әрі дамытуға жеткілікті деп ойлаймын. Жаңа әкімнің жергілікті қауымдастықпен бірге кентті өркендету жолындағы қызметіне сәттілік тілеймін, – деді Абат Абайұлы.
Сондай-ақ шаһар басшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес аппаратты қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенін және 1 шілдеден бастап әкімдік аппараты толық жұмыс жасайтынын айтып, аппараттың қызметкерлерін де таныстырды. Әрі кент бойынша атқарылатын жұмыстарды, әкімдік алдындағы міндеттерді де нақтылап өтті.
Жаңа әкім Жұбан Жұмағалиев өзіне артылған сенімді ақтауға, күш-жігерін жұмысқа арнауға көпшілік алдында сөз беріп, кентті абаттандыруда жоспарының ауқымды екенін жеткізді.
Айта кетейік, Деркөл кенті құрамына Ливкино, Кардон, Маштаков, Ветелки, Кумыска, Өскен ауыл, Новостройка, Кумыска, Рыбцех, Үміт елді мекендері, «Сарыарқа» және «Көкжиек» шағынаудандары кіреді. Бүгінде мұнда 20 143 тұрғын бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу