ОРАЛДА БЕС АЙ ІШІНДЕ 51 КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТУ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ
Соңғы кездері қала аумағында жеңіл көліктердің қуылып айдалып кету фактілері жиіледі. 2020 жылдың 5 айында қала ішінде 51 көлік айдап кету фактісі тіркеліп, көпшілігі ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері уақытпен санаспай іздеп тапқан көліктердің барлығы өз иелеріне қайтарды. Бүгінгі күні 5 факті ғана ашылмай отыр. Бұл бағытта КПб жедел уәкілдері тынымсыз іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов көктем мезгілінде қала орталығы мен «Зачаганск» ауданында 1 аптада 9 көлікті қуып айдап кеткен тұлғаның құрықталғанын айтты. Ол әуелі отандық көліктерді қозғап, дабылдатқышы бар-жоғын тексерген. Содан кейін терезесін сындырады. Терезе сындырғанда дабылдатқышы ойнамаса, салон ішіне отырып, айдап, қаланы шарлап аралап, қыдырып жүрген. Дабылдатқышы ойнай қалса, оқиға орнынан бой тасалаған.
Статистика көрсеткендей, күдіктілер көп ретте отандық көліктерді олжалайтын көрінеді. «ВАЗ», «Лада», «Пассат» маркалы көліктер жиі қуылып, оңай олжа тапқыш жігіттердің нысанасына айналған екен.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден көліктерін кешкұрым қараусыз қалдырмауларын, кез-келген жерге тастап кетпеулерін, арнайы автотұрақтарға қоюларын сұрайды. Осы күнге дейін автотұрақтардан көлік айдалып қуылды деген факті мүлдем тіркелмеген. Ал көлік қолды болған жағдайда иелерінің лезде полицияға телефон соғуларын сұрайды. Кейбір азаматтар өз беттерінше іздеп, түк шықпағасын соңынан шаршап-шалдығып полицияға хабарласады екен. 2-3 күннен соң хабарласса уақыт өткізіп алатыны, жоғалған көлікті іздеуде, табуда қиындық туғызатыны жасырын емес. Кейбір ұрланған көліктерді белгісіз бағытқа қуып кеткен тұлғалар көліктерді бөлшектеп, автомобильдердің арнайы қосалқы бөлшектерін сатып алатын орындарға тапсырып жіберетіні тағы бар. Дөңгелектерін, айнасын, әйнектерін бір-бірлеп асықпай бұзып, тапсырып үлгереді.
Таяуда Шаған Пб қызметкерлері өзгенің уысында кете барған, Атырауға дейін қуылып айдалған көлікті тапты. Жедел уәкілдердің жіті қимылы мен тынымсыз ізденістері зая кетпеді. Жеңіл көліктердің айдалып кету фактілерінің жолын кесу, тосқауыл қою мақсатында көлік иелерінің көліктеріне мұқият қарап, арнайы автотұрақтарға қоюлары сұралады немесе дабылдатқыш қондырғылармен жабдықтар, құрылғылар орнатулары қажет.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу