БҚО-ДА 14 ТҮЛЕК ҰБТ СЫНАҒЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ АЛЫП ӨТУГЕ ТЫРЫСҚАН
БҚО-да биыл ұлттық бірыңғай тестілеу тоғыз пунктте өтуде. Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы үшін 5062 талапкер өтініш берген. Олардың 4367-сі биылғы мектеп бітірушілер, 662-сі – өткен жылдардың мектеп бітірушілері мен колледж түлектері. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова мәлімдеді.

Биыл пандемияға байланысты ҰБТ өткізу уақыты ұзартылды. Өңірде 12 күн бойы – 22 маусым мен 3 шілде аралығында ҰБТ тестілеу ұйымдастырылуда.
Алғашқы төрт күнде 2041-і ҰБТ-ға қатысты. 22 түлек өз еріктерімен қатысудан бас тартқан.
– биылғы жылы ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык алаңы» жобалық кеңсе өкілдері кірді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Егер сол кезде қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айырылады. Шпаргалка дайындаудың қажеті жоқ, тыйым салынған заттарды әкелмегені жөн, – деді БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова.
Алайда бұл ережелер барлық ата-аналар мен тест тапсырушыларына ескертілгенімен бұзушылықтар кездесуде. Мәселен, осы үш күн ішінде 14 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тестілеуге жіберілмеген. Он түлек тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылып, жұмыстары жойылып отыр. Енді олар ағымдағы жылы қаңтардағы ҰБТ-ға қатысқандығы туралы сертификаты болған жағдайда ғана ақылы түрде елдегі ЖОО түсуге конкурсқа қатыса алады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу