ОРАЛДА «ОТБАСЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орал қаласында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау көрсетуге арналған «Отбасы» орталығы ашылды.

Орал қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жанынан ашылған «Отбасы» орталығы Хамит Чурин көшесі 121 мекенжайында орналасқан. Бұл орталық ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың экономикалық дербестігіне және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс жасамақ. Бұл ретте «Бір терезе» қағидасы бойынша құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру, бизнеске баулу бағытында көмек көрсетіледі деп күтілуде. Орталықтың ашылуына қатысқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жаңа орталықтың маңызын айқындап өтті.
– Еңбек еткен адамның болашақта зор мүмкіндіктерге ие болатыны анық. Азаматтардың өз кәсібін ашуына жол көрсету, отбасындағы мәселелердің шешілуіне қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері туралы кеңес беру – орталықтың басты міндеттерінің бірі саналады. Бұл орталықтың ашылуы көптен жоспарымызда болған. Ең бастысы жұртшылық үшін қолайлы орын табуды көздедік. Міне, қаланың орталығында және балалар шығармашылығы орталығы жанынан арнайы ғимарат алып, жөндеуден өткізіп, келушілер үшін ыңғайлы, жайлы орын ұйымдастырдық, – деген Абат Абайұлы жаңа мекеменің отбасылардың әлеуетін нығайтуына септігін тигізер орын болуын тіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу