8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2020 1788 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН 13 ТҰЛҒА СОТТАЛДЫ

19 маусым күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Департаменттің 2020 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жедел және тергеу жұмыстарының қорытындылары туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтті.

Шарадағы басты спикер ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қамал Қожахметұлы Қабылбеков болды.

Қ.Қ.Қабылбеков өз сөзінде, «2020 жылдың 5 айында департамент 87 қылмысты тіркеді, оның 82-і немесе 94%-ы сыбайлас жемқорлық болып табылады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгей. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішінде негізгі фактілер – парақорлық – 73% (60 факт), сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық – 26% (21 факт). Барлығы 100 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс тергеліп, оның 62-сі сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы мөлшері 516,5 млн. теңгені құрады, өтелгені – 512,2 млн. теңге немесе 99,2%. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 13 тұлға сотталды, оның ішінде 2 адам бас бостандығынан айыру, 1 адам бас бостандығын шектеу жазасына және 10 адам айыппұл түрінде жазаланды, олардың жалпы сомасы 21 миллион теңгеден асты» – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары «Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп саны ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты тіркелді. Полициядағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендемейтін динамикасын ескере отырып, бірқатар ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданды. Бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды» – деді.

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»