8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2020 1350 0
Қоғам

Әкімдер мен облыстық басқарма басшыларына арналған вебинар

19 маусым күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және облыс әкімі аппаратының жұртшылықпен байланыс қызметімен бірлесіп «Әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу және жұртшылықпен байланыс» тақырыбында вебинар өтті.

Аталған мәселе Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның отырысында көтерілген болатын. Өйткені карантиндік талаптарды сақтау мақсатында іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылып, спикерлер тарапынан белгілі бір қолайсыздықтар орын алуда. Мұндай вебинарлар спикерлердің сөйлеу мәдениетін және мемлекеттік мекемелердің жұртшылықпен сапалы байланысын арттыруға септігін тигізеді.

Мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желімен жұмыс жасау сапасын арттыру дағдыларын қалыптастыру.

Вебинарға Орал қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қатынасты.

Шара барысында «Алтын сағат» қағидаты, әлеуметтік желідегі мінез-құлық, фэйк және шынайы акаунттарды ажырата білу мәселелері түсіндірілді.

«Жайық пресс» ЖШС бөлім басшысы Н.Рахманов вебинарға қатысушыларға контентпен жұмыс жасау, сын-пікірлерді қабылдау және оларға жауап беру, әлеуметтік желідегі кері байланыс және тағы басқа мәселелер туралы мастер-класс жасады.

Айта кететін жағдай, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық басқарма басшылығы тікелей эфирде қабылдау жүргізсе, аудан басшылары «Адал көмек» жобасы аясында онлайн режимінде әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап беруде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
63 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»