КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАН ҚАШАН ӨТЕДІ?
Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеуде. Бірінші, инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексерді және 2020 жылғы 15 мамырда өз тізіміне енгізді», – деді министр.
Оның атап өтуінше, екінші рекомбинантты суббірлікті вакцина, үшінші рекомбинантты векторлық вакцина дайындалуда. Кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде. 2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Тышқандардағы қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді. Министрдің сөзінше, Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі.
«2020 жылғы 10 маусым мен 23 маусымда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. 2020 жылғы маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығы, сондай-ақ күзен мен алтын сириялық алақоржынның иммуногендігі зерттеледі. Кейін 2020 жылдың қыркүйек айында клиникалық зерттеулерді бастау жоспарланып отыр», – деді Асхат Аймағамбетов.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу