ӘМСҚ 10 САНАТ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫҢ COVID-19-ҒА ТЕСТІЛЕУ АҚЫСЫН ТӨЛЕЙДІ
1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкілдерінің айтуынша, байланыс орталығына түсетін қоңыраулардың көпшілігі коронавирус бойынша ауруханаға орналастыру мәселелеріне қатысты.

Тұрғындар ПТР-тест тапсыру, коронавирус және сырқаттың симптомсыз ағымының белгілері туралы сұрайды. Медицина ұйымдарының жұмысын, ауруханаға жоспарлы жатқызу жағын түсіндіруді өтінеді.
«Біздің аймақтық филиалдарымыз жергілікті денсаулық сақтау басқармаларымен тығыз байланыста, еліміздің әрбір тұрғынына барынша көмектесуге тырысады. ПТР-талдау тапсыруға қатысты сұрақтар түсіп жатқандықтан, айта кеткім келеді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 10 санат бойынша COVID-19-ға тестілеу ақысын қор төлейді», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов.
Нақты айтқанда, Қор қаражаты есебінен коронавирусқа ақысыз ПТР-талдаудан өтуге құқылы азаматтар:
тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінде:
- инфекциялық стационарларға жатқызылған пациенттер;
- COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен провизорлық стационарларға жатқызылған пациенттер;
- COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония белгілері бар, стационарлық деңгейдегі пациенттер;
- Үйде оқшаулауға жағдай болмағанда карантиндік изоляторға симптомсыз COVID-19-пен жатқызылған азаматтар (ПТР-тексеру, бұл санаттағылар үшін, сол жатқан стационарларда жүргізіледі);
- COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония белгілері бар, амбулаторлық деңгейдегі пациенттер;
- симптомсыз COVID-19-пен БМСК дәрігер бақылауындағы азаматтар(ПТР-тексеру, бұл санаттағылар үшін, тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында:
- ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылған пациенттер, оның ішінде 37 апта мерзімінде босандыруға рұқсат берілген жүкті әйелдер (ПТР-тексеру тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);
- ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған пациенттер, оның ішінде жүкті әйелдер мен бала босанған аналар (ПТР-тексеру стационарда жүргізіледі);
- гемодиализде жатқан пациенттер (ПТР-тексеру тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);
- жаңа туылған нәрестелер, клиникалық хаттамаға сәйкес (ПТР-тексеру стационарда жүргізіледі).
Зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен және басқа да қосалқы мәселелермен аймақтық денсаулық сақтау басқармалары айналысады.
«Қазіргі уақытта бірқатар аймақтардағы медицина ұйымдарының инфрақұрылымдары қалыптасқан жүктемелерді көтере алмауда. Осыған байланысты тест тапсырғысы келетіндердің кезегі байқалады. Бұл да тест нәтижесінің жылдам ұсынылуына әсер етеді. Қор тарапынан біз медициналық ұйымдардың қызмет ақысын уақытылы төлеу жөніндегі міндеттемелерімізді орындауға дайынбыз», – деді Марат Шоранов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу