ОРАЛДА 1239 ОҚУШЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Оқушылар жазғы демалыс кезінде өздері оқитын мектепте жұмыс жасап, еңбекақы ала алады.

Орал қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бүгінде шаһарымыздағы мектептердің жоғары сынып оқушыларынан ата-аналарының келісімі бойынша 1239 жеткіншек жұмыс жасауға ниет етіп, құжаттарын тапсырған.
– Білім беру бөлімі жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының негізінде жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы. Яғни, оларды оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға еңбекке тартуға болады. Қазіргі уақытта қала мектептері оқу орны бойынша жоғары сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруда, – дейді қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Айсәуле Есқожина.
Оқушыларға мектептің ішіндегі жеңіл жұмыстар ғана ұсынылады. Мәселен, №2 Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектепте 20 оқушы қоғамдық жұмыстарға тартылған. Олар күніге сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін білім ұясы аумағында гүл суару, ауланы тазалау жұмыстарымен айналысады және мектептің кітапханасына көмектесуде.
– Біз жазғы демалыс кезінде қоғамдық жұмыс ұсынылатыны туралы оқушыларға толықтай хабар бердік. Ықылас танытқан 20 оқушы құжаттарын тапсырды. Олармен үш айға, яғни тамыздың 28-інші жұлдызына дейін келісімшарт жасалды. 15 маусымнан бастап жұмысқа кірісті. Барлығы да 10 сыныпты тәмамдаған оқушылар. Жұмыстың алғашқы күні қауіпсіздік ережелерімен таныстырдық. Әр күн сайын жұмысқа келген кезде олардың дене қызуларын өлшейміз, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Бекқалиева.

Оқушыларға жасаған жұмыстарына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы ай сайын 42 500 теңгеден төленеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу