«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНЕ» КІМ ЛАЙЫҚ?
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының таланттарды анықтауға және қолдауға арналған «Ел үміті» бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес, Тұңғыш Президент-Елбасы қоры дарынды балаларды және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жобасын іске асыруда. Жобаны іске асыру аясында алғаш рет республикада ауыл мектептерінің оқушылары арасында «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізілуде. Сондай-ақ 14 пен 29 жастағы жеткіншектер мен жастарға арналған «Елбасы Медалі» бағдарламасы бастау алды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова мәлімдеді.

Зәуре Базарғалиқызының айтуынша, жобаны жүзеге асыруға облыс бойынша 51,9 млн.теңге, соның ішінде «Мың бала» олимпиадасына 3,3 млн.теңге қаражат бағытталып отыр. Олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңі ағымдағы жылғы 24 ақпаннан бастап 5 наурызға дейін ұйымдастырылған. Оған облыс бойынша ауыл мектептерінің 9 мыңнан астам 5-6 сынып оқушылары қатысыпты. Нәтижесінде 200 қатысушы екінші кезеңге іріктелген.
– Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 25 мамырдағы хаттамасының негізінде 2020 жылғы 25-26 маусымда өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында санитарлық-қауіпсіздік шараларын сақтай отырып олимпиаданың екінші кезеңін өткізу жоспарлануда. Екінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу жүргізіледі. Сынақтың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптар үшін бейне-трансляция ұйымдастырылады. Онлайн-трансляция сілтемесі www.fpp.kz сайтына жарияланады. Тестілеудің ең жоғарғы ұпайы – 100 балл. Қайта тестілеу және апелляция беру қарастырылмаған. Оқушы жауаптарының нәтижелерін өңдеу әр тапсырманың қиындық деңгейін анықтайтын және тест бөлімі үшін жалпы баллдағы үлесін есептейтін автоматтандырылған статистикалық және психометриялық талдау арқылы өтеді. Бұл тәсіл нәтижелердің объективті және сенімді бағалануын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру мәселелері бойынша Тұңғыш Президент-Елбасы қоры және «НЗМ» ДББҰ өңірлердегі білім басқармаларымен бірлесе жұмыс жүргізеді. Ауыл мектептері үшін «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау үшін 10 пайыз квота белгіленеді, – дейді облыстық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы.
Ал «Елбасы Медалі» бағдарламасын «Ел үміті» бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асырады. Бағдарламаның негізгі символы – жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол – жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 7 бағыт. Бұл – спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Мәселен спорт болса, оның түрін қатысушы өзі таңдайды. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Ол үш деңгейде болады, яғни қола, күміс және алтын. Қола 14 жастан, күміс 15, алтын 16 жастан бастап қатысушыларға белгіленетін болады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет.
– Айналасындағы әлемді және өмірін түбегейлі өзгерткісі келетін балалар мен жастар үшін әдістемелік және ұйымдастыру жүйесі Қордың қолдауымен құрылды. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен араласады. Бағдарламаның негізгі міндеті – 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізу. Қойған мақсатына жетпей қоймайтын әр жас қазақстандықтың «Елбасы Медалін» иеленуге мүмкіндігі мол. Жоба алдағы уақытта білімді және табысты жас азаматтың символына айналатынына сенімдіміз. Ол болашақ түлектерді отандық жоғары оқу орындарына түсуге ынталандырады. Медаль иегерлері балдары тең болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға басым құқыққа ие болады. Менің ойымша, бұл – тамаша жаңалық. Біздің өңірдің білім беру мекемелерінің барлық басшыларына осы қызықты бағдарламаға назар аударуды және ол туралы өз оқушылары мен студенттеріне міндетті түрде айтып беруді ұсынамын. Біздің өңір «Елбасы Медалі» бағдарламасының үздік қатысушылары қатарында болады деп үміттенемін, – дейді Зәуре Ғұмарова.
Қазіргі жағдайда адамның жетістігі тек қана кәсіби деңгейде ғана емес. Жұмсақ дағдылардың soft skills (эмоционалды интеллект, көшбасшылық, жауапкершілік, өзін-өзі басқару, бейімделу жылдамдығы, әдептілік) болуы маманға деген сұранысты, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. «Елбасы Медалі» бағдарламасы – қатысушылардың осындай қасиеттерін арттыруға бағытталған. Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.
«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының өкілі Азамат Оразовтың айтуынша, «Білім-Инновация» қоры аталмыш бағдарламаның серіктесі. – Біз тәлімгерлерді, сарапшыларды және жоба қатысушыларын қолдау бағытында аймақтық үйлестірушілермен ресурстық орталықтар желісін құрумен айналысамыз. Әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдаумен қамтамасыз етеміз. «Елбасы Медаліне» үміткерлердің әрқайсысы өздерінің дарыны мен шеберлігін тәлімгерлердің көмегімен шыңдайды. Біз қазірдің өзінде 25 адамды бағдарламалық және тәлімгерлік әдістемеге оқыттық. Әрине, барлығының педагогикалық білімі бар. Тәлімгерлер кестені құруға көмектеседі және қамқорлығындағы жастардың жетістіктерін бағалайтын болады. Бағдарлама қатысушыларын қолдау мақсатында үш бағытта арнайы бейнесабақтар онлайн режимінде жүргізілуде, – деді Азамат Полатұлы.
Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында тіркелу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға балады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу