8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2020 1573 0
Өзек

ОРАЛДА БЕС АЙ ІШІНДЕ 87 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ

Орал қаласы аумағында 2020 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен барлығы 799 ұрлық тіркелді. Оның 421-і ашылған. Жеке меншікке қатысты 644 ұрлық орын алса, оның 334-і ашылды.

Орал қаласы Полиция басқармасын жергілікті полиция қызметі бөлімінің  мәліметінше, жыл басынан бері 86 пәтер ұрлығы тіркелген. Оның 27-сі ашылып, ұрлыққа түскендер анықталған. 18 қалта ұрлығы тіркелген. оны да бәрі ашылды. Түсті металдарға қатысты төрт ұрлық болған және  төртеуі де ашылды. Осы уақыт ішінде  164 қалта телефоны ұрланған. Оның 108 табылды. Көлік құралдарына қатысты 70  ұрлық тіркелсе, оның 33-і ашылған.

Учаскелік полиция инспекторлары ұрлықтың алдын алу мақсатында жеке тұрғындарға балалар қол арбасы мен велосипедтерді подьездерде, дүкен жанында қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы  буклеттер таратылуда. Қалта ұрлығының алдын алу мақсатында автобустарда криминалдық полиция бөлімі тарапынан хабарламалар мен жадынамалар ілінген. Полицейлер ұрлықтың алдын алу үшін тек полиция қызметкерлері емес, тұрғындарды да жұмыла әрекет етуге шақырады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»