«БЫСТРЫЕ ДЕНЬГИ» КАССАСЫНА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ
Орал қаласы Полиция басқармасы «Зачаганск» кентіндегі ірі сауда орындарының бірінде орналасқан «Быстрые деньги» кассасына қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады.

29 мамырда күндізгі сағат 11.50 шамасында бойы шамамен 160-170 см болатын, арық денелі, үстіне қою көк қалың күртеше, қою сұр шалбар, қою жасыл бас киім киген азиат нәсілді белгісіз тұлға қарақшылық шабуыл жасады. Бет жүзін адам танымасын деген оймен тұмшалап, оның үстіне қара маска киіп, киімдерінің жағасын көтеріп алған көрінеді. Ол жан-жағында кісі аз екенін байқап, «Зачаганск» ауданындағы бір ірі сауда орынының 2-қабатында орналасқан «Быстрые деньги» кассасының кассиріне пышақ көрсетіп, қорқытқан. Кассир бойжеткеннің зәресін ұшырып, кассада жиналған 113 мың теңгені және 5 литрлік қауырсын ыдысқа салынған темір монеталардан жиналған 10 мың теңгені, «Айфон» маркалы ұялы телефонның наушнигін сыпырып алып, 2-қабаттан зулай сыртқа шығып кеткен. Есі кеткен кассир полицияға телефон соғып, қарақшылық шабуыл жасалғанын, пышағы жалаңдаған бейтаныс ер адамның кассадағы ақшаны алып қашқанын айтып берген. 1994 жылғы Л. есімді қызметкерге 122 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген еді.
Осы оқиғаның ізін суытпау үшін БҚО ПД мен Орал қ.ПБ және Шаған Пб жауапты тәртіп сақшылары іздестіру шараларын дереу қолға алды. Қарақшылық шабуыл жасалған орыннан бейнежазбалар да алынды. Кәсіби шебер жедел уәкілдер көп кешікпей тапа-тал түсте кассаны тонаған Д. есімді күдіктіні ұстады. Ол 1995 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғыны. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Жедел уәкілдердің алдына келген күдікті кассаны тонағанын, өмір сүру үшін, қаражат керек болғасын осындай қылмысқа, теріс жолға барғанын толықтай мойындады.
Бүгінгі күні күдікті Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар мен бейнетаспа алынды. Шаған Пб Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады, қылмыстық істі тергелуде.
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу