8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 1099 0
Қоғам

Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда

4 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті Құрманғазы атындағы саз колледжі мен студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.

Онлайн-дәріске колледж директоры Н.О.Сертек, орынбасарлары, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі М.Е.Төлепов, оқытушылар және студенттері қатысты.

Дәріс барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

«Студенттер үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
125 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
302 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»