8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2020 1308 0
Қоғам

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ «ҮШКЕ БІР» НОРМАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау тәртібі туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігіні фейсбук  парақшасында жүргізілген онлайн-брифинг барысында  министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова  айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес биыл 1-сыныпқа баланың құжатын қабылдау 1 маусымда басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Комитет төрайымының айтуынша, мектепке ең алдымен жақын маңда тұратын учаске тұрғындары тапсыра алады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушылардың құжатын қабылдауға жаңа норма енгізілген.

«Білім туралы заңның 26-бабы 2-тармағында белгіленгендей, бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындары  құжат тапсыра алады. Яғни сол мектепке жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан құжаты қабылданады. Биыл жаңа «Үшке бір» деген норма енгізілді. Яғни, тиісті учаскеден 3 бала, басқа учаскеден 1 баланың құжатын қабылдауға болады», – деді Майра Мелдебекова.

Құжат екі жолмен қабылданады: Біріншіден, Egov порталы арқылы 3 құжат тапсыру керек. Олар ата-ананың өтініші, баланың 3х4 суреті және медициналық анықтамасы. Екіншісі -құжатты қағаз түрінде мектепке барып, бұрынғы дәстүрлі жолмен өткізуге болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
103 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»