ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ ДА ЖАҢАША
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні жөндеуден өткен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдени–ағарту бірлестігінің ғимараты пайдалануға берілді.


Х.Чурин көшесі 121 мекенжайынан Жәңгірхан 15/1 мекенжайына көшірілген жаңа ғимаратты салтанатты түрде ашқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев баршаны айтулы мерекемен құттықтады.
– Бұл мереке барлық әлемнің назарын бүлдіршіндерге аудару арқылы оларды қауіп-қатерден сақтау мақсатында халықаралық деңгейде аталып өтеді. Осындай тамаша мереке қарсаңында балғындарға бақытты балалық шақ, сыңғыр күлкі, игі жақсылықтарды тілейміз. Мәдени-ағарту бірлестігі де осы салада үлкен жұмыстар атқарып келеді. Былтырғы жылы аула клубтары жанынан үш бірдей комьюнити орталығын ашып, жаңа жұмыс бағытына көштік. Биылғы жылы да осы жұмыстар өз жалғасын табады. Мереке күні барлық аула клубтары мен комьюнити орталықтарының басын біріктіретін Мәдени-ағарту бірлестігінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді, – деді Серік Ерболатұлы.
«Мәдени-ағарту бірлестігі» 1992 жылы құрылып, құрамына балалар аула клубтары берілген. Бүгінде 22 клубтық мекеменің жұмысын жандандырып келеді. Атап айтқанда, қаланың әр аумағында орналасқан 15 балалар аула клубы, үш комьюнити орталығы және «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, «Бойтұмар», «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтары осы бірлестікке қарайды. Мұндағы 107 үйірмеде 2340 адам қамтылған. Әсіресе, әдістемелік бөлмелер жоғары деңгейде жабдықталыпты, алғаш рет дыбыс жазу студиясы ашылып отыр. Ғимараттың күрделі жөндеуіне шаһар басшысының қолдауымен 10 млн. 167 мың теңге қаражат бағытталып, соның 8 млн. 500 мың теңгесіне «ДизайнД» ЖШС мердігерлік компаниясы екі ай көлемінде құрылыс жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда бірлестіктің 172 қызметкері су жаңа ғимаратқа көшіп келді.
«Мәдени-ағарту бірлестігі» мекемесінің директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, аталмыш бірлестік өнерге құштар талантты балалардың талабын ұштап, өнер арқылы елдің мүддесін қорғайтын болашақ ұрпақты тәрбиелеу бағытында жұмыстанып келеді. Сондықтан сәні мен салтанаты келіскен жаңа ғимаратқа көшуі – үлкен мәртебе. Алдағы уақытта жұмысты одан әрі жетілдіріп, тың мақсаттар қойып, жоғары дәрежедегі жоспарларды жүзеге асырып, қаланың мәдениетінің дамуына балалардың да үлесін қосу бағытында кешенді жұмыстар атқару көзделген. Осыдан бір ай бұрын ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында «Алтын Орда» қоғамдық театры ашылған. Төтенше жағдай аяқталған соң аталмыш театр жұмысын жандандыру бірінші кезекте қолға алынбақ. Сондай-ақ өнердің әр жанры бойынша қала көлемінде кең көлемдегі конкурстар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Байқау жеңімпаздары кәсіпкерлердің демеушілігімен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы өнер ордаларына саяхатқа жіберілмек. Әзірге бұл бағытта демеушілер іздестірілуде екен. Бұған дейін аула клубтарының жас өнерпаздары түрлі деңгейдегі тек ақылы байқауларға қатысумен шектеліп жүргені жасырын емес. Ақылы болған соң жүлде де жеңіл келері сөзсіз. Осы орайда Мәдени-ағарту бірлестігі басшысының бұл үрдістің «тамырына түбегейлі балта шабуды» көздеп отырғанына қуандық. Болашақта балғындар тек мемлекеттік деңгейдегі байқауларға ғана қатыстырылмақ. Сол секілді бұған дейін аула клубтарының жас таланттары фонограммамен ән айтуға әбден төселіп алған болса, алдағы уақытта бұлай ән шырқауға да тыйым болмақ. Балалар киелі сахнада жанды дауыста ғана ән шырқайтын болады. Бұл бағытта да нақты тапсырмалар берілген.
Заманауи үлгіде жабдықталған ғимараттың ашылу салтанатында «Бәйтерек» балалар аула клубының өнерпаздары ән салып, би билеп, мерекенің көрігін қыздырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу